МӘМС

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулықсақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы No ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының жобасы шеңберінде 2024 жылғы 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту науқанының болатыны туралы хабарлайды!


Мақат аудандық ауруханасымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тұрғындар мен мекеме және ұйым арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып келуде.
2024 жылдың 31 мамыр жағдайымен аудан бойынша -2250 әр түрлі санатта сақтандырылмаған азаматтардың тізімі анықталды.

Зерделеу барысында аудан бойынша (D- санаты 438, Е- санаты бойынша -112 адам ).

D-санатында 438 адам (соның ішінде -419 адам Мақат аудандық емханасына РПН-ға тіркелсе, оның 315 Мақат ауданында тұрса, 60-ы басқа қала және аудандарда, 4-уі шет елде, ал қалған 40 адаммен хабарласу мүмкіндігі болмауына орай).

19-азамат басқа қала, аудандардың РПН-ға тіркелген, 375- азаматпен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, анкеталар таратылды, олар:

  • үй шаруасындағы әйелдер-11;
  • жұмыс жасамайтындар-257;
  • жалдамалы жұмыс жасайтындар- 18;
  • жұмыс жасағанына 1 жыл толмағандар -44;
  • студенттер-3;
  • кәсіпкерлікте жасайтындар -41;
  • статусы анықталмағандар- 1.

375 – азаматтың 1-уі сақтандырылды, 273 азаматтың сақтандырылуға төлейтін ақшасы жош, 101 азамат сақтандырылғысы келмейді.
D- санаты бойынша сақтандырылмаған азаматтар бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылғы МӘМС бойынша жарна төлеу жеке тұлға үшін 1-айға 4250 тг, жеке кәсіпкерлер үшін 5950 теңгені құрайды.
#мәмсосмс


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен әзірленген “Недопущение фактов приписок и их последствий” тақырыбындағы видеоролигі қызметкерлерге таныстырылды. МӘМС бағытындағы түсіндірме жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру тапсырмаларын орындау және халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша шараларды қамтамсыз ету мақсатында, Атырау облыстық өңірлік штабының мүшелері Мақат кенті және Бәйгетөбе ауылдық округінде тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарымен қатар жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізді. Шараға қатысқан тұрғындар ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен танысып, сұрақтар бойынша жауаптарын алды.Тектес түсіндірме жұмыстары өз жалғасын табатын болады.


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тұрғындармен кездесу. Бұл бағыттағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

#МӘМС2023


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тұрғындармен кездесу, сондай-ақ ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіп келуде.


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша Мақат аудандық аурухансының емхана ісі жөніндегі орынбасары Айтмагамбетова Айгуль Ермековна тікелей эфир арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тұрғындар арасында туындаған сұрақтарымен “Пациенттерді қолдау орталығы” кабинетіне хабарласуға және ол жерде қызмет алушыға барлық жағдай жасалғаны туралы баяндалды, тектес ақпараттық түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табатын болады.


Құрметті әлеуметтік желі қолданушылар!
Үстіміздегі жылдың 9 тамызы күні Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша Мақат кенті әкімдігінің мәжіліс залында және сағат 11.30-да Бәйгетөбе ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өтеді.
Жоспарлы шарада мемлекеттік орган басшылары тұрғындармен кездесіп, туындаған сұрақтар бойынша қабылдау жүргізетіні хабарланады.


Мақат аудандық аурухансында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тұрғындармен кездесу өтті. Емхана ісі жөніндегі орынбасары Айтмагамбетова Айгуль Ермековна тұрғындарға МӘМС жүйесі бойынша:
✔өз статусыңызды қалай тексеруге болады?
✔ өз статусыңызды Сақтандырылғанға қалай ауыстыруға болады?
✔ Сақтандырылу үшін не жасау керек, неше айға дейін жарна төлеу қажет?
✔Сақтандырылу үшін соңғы 12 ай емес, алдағы 12 айға төлеуге боладыма?
✔жарналарды төлеу әдістері қандай? тақырыбында және
✔МӘМС бағытындағы жеке сұрақтарға жауап берді.
Шараға жергілікті БАҚ өкілдері де қатынасты. Аталған бағыттағы шара өз жалғасын 2023 жылдың 8-9 тамыз аралығында жалғасатыны тұрғындарға хабарланды.


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ағымдағы жылдың 28 шілде сағат 10.00-де Мақат аудандық аурухансының емхана ісі жөніндегі орынбасары Айтмагамбетова Айгуль Ермековна тұрғындармен кездесетіні хабарланады.


Мақат аудандық ауруханасымен пациенттерді қолдау қызметі жұмыс күндері қабылдау өткізуде.


Біздің медициналық ұйымда, “Халық денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі туралы”ҚР Кодексінің 58-бабына сәйкес Пациенттерге қолдау көрсету қызметі құрылды. Аталған қызмет емхана ғимаратының бірінші қатарында орналасқан, (колл центр) орталық байланыс телефоны 3-10-99 пациенттерге қызмет көрсетуде, барлық түскен сұрақтарды комиссия мүшесі, заңгер Е.Тайпанов қабылдайды.
Жауапты мамандар Аронова Айсұлу Кубашевна тел:8701-374-69-84, Тайпанов Еділ Маратұлы тел:8778-906-20-29,
Айтмағамбетова Айгүл Ермековна тел:8778-405-15-17.



2023 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН КІМДЕР ҚАНША ТӨЛЕЙДІ?
✅ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН – жалақының 3% мөлшерінде
❗10 ЕТЖ артық емес немесе 21 мың теңге
✅ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, ОНЫҢ ШІНДЕ АҚС ШАРТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР – табысының 2%
❗10 ЕТЖ артық емес немесе 14 мың теңге
✅ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР (ЖК)
ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге
✅ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН АЗАМАТТАР НЕМЕСЕ БЖТ ТӨЛЕУШІЛЕР
✔️ Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге
✔️ Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге
✅ ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР
1 ЕТЖ 5% немесе 3 500 теңге
✅ МЕМЛЕКЕТ 15 ЖЕҢІЛДІК САНАТЫНА КІРЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАЙДЫ
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері Мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% -. құрайды*
* Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы.

2023 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН КІМДЕР ҚАНША ТӨЛЕЙДІ?
✅ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН – жалақының 3% мөлшерінде
❗10 ЕТЖ артық емес немесе 21 мың теңге
✅ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, ОНЫҢ ШІНДЕ АҚС ШАРТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР – табысының 2%
❗10 ЕТЖ артық емес немесе 14 мың теңге
✅ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР (ЖК)
✅ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге
2023 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН КІМДЕР ҚАНША ТӨЛЕЙДІ?
✅ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН – жалақының 3% мөлшерінде
❗10 ЕТЖ артық емес немесе 21 мың теңге
✅ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, ОНЫҢ ШІНДЕ АҚС ШАРТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР – табысының 2%
❗10 ЕТЖ артық емес немесе 14 мың теңге
✅ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР (ЖК)
ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге
✅ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН АЗАМАТТАР НЕМЕСЕ БЖТ ТӨЛЕУШІЛЕР
✔️ Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге
✔️ Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге
✅ ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР
1 ЕТЖ 5% немесе 3 500 теңге
✅ МЕМЛЕКЕТ 15 ЖЕҢІЛДІК САНАТЫНА КІРЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАЙДЫ
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері Мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% -. құрайды*
* Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы. ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН АЗАМАТТАР НЕМЕСЕ БЖТ ТӨЛЕУШІЛЕР
✔️ Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге
✔️ Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге
ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР
1 ЕТЖ 5% немесе 3 500 теңге
✅ МЕМЛЕКЕТ 15 ЖЕҢІЛДІК САНАТЫНА КІРЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАЙДЫ
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері Мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% -. құрайды*
* Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы.

#ОСМС

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ БІР ЖЫЛҒА АЛДЫН АЛА САҚТАНДЫРЫЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН 5 ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

➡️ Егер 12 айға төлемдер әр түрлі күндерде жасалса, онда сақтандыру мәртебесі бірден емес, барлық төлемдер өңделгеннен кейін ғана беріледі
* Төлемдер 3 жұмыс күні ішінде өңделеді
➡️Егер 12 айдың бірінде дербес төлеуші ретінде емес, БЖТ төлемі ретінде жүргізілсе, онда мәртебе берілмейді. Алдын ала төлем жасау арқылы сақтандыру мәртебесі тек дербес төлеушілерге беріледі.
✅ Егер сіз БЖТ-ны қате төлеген болсаңыз, онда төлемді “Азаматтарға арналған үкімет “мемлекеттік корпорациясы”КЕАҚ-ға жүгіну арқылы қайтарып ала аласыз
➡️ Егер төлем ағымдағы айдың соңында (27-28-ден кейін) жүргізілсе, онда төлемдерді тексеру келесі айда жүргізілуі мүмкін, яғни сақтандыру мәртебесі берілмейді және пациентке келесі жылдың тағы бір айы үшін қосымша ақы төлеу қажет
➡️ Егер төлем алдағы 12 айға емес, 11 ай үшін жасалса, онда да мәртебе берілмейді️ ️
➡️ 2023 жылы дербес төлеушілер ай сайын 3500 теңге төлейді. Бұл АЕК 5%.
➡️ Егер 2022 жылы 2023 жылдың айларымен қоса бір жылға алдын ала 3000 теңге көлемінде төлем жасалса, қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ.

❗❗❗ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАҒИДАТЫН ҰСТАНАТЫНДЫҒЫНЫҢ БЕС ДӘЛЕЛІ

💁‍♀️2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу міндетті болып табылады әрі жұмыс пен табыстың бар-жоғына қарамастан ай сайын төлем жасалуы тиіс.

⚡Алайда, мемлекет төлеушіге барлық кезеңді берешек деп қоймайды. Сақтандыру мәртебесін алу кезінде 12 айға төлем жасағаны ескеріліп, бұрын төленбеген барлық кезеңдері автоматты түрде жойылады.

💁‍♀️ Мемлекет азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына кіретін 15 жеңілдік санатына, яғни 11 миллионнан астам адам үшін жарна төлейді. Бұл жүйенің әлеуметтік жауапкершілігін және халықтың денсаулығын қорғауға бағдарланғандығын дәлелдей түседі.

💁‍♀️ Д-есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, ауру түрі бойынша барлық қажетті медициналық көмекті алады.

💁‍♀️ Сақтандыру мәртебесінің болмауы адамды шұғыл медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырмайды – жедел жәрдем шақыру және созылмалы аурулардың өршуі, қатты ауырсыну, жарақаттар, ЖРВИ немесе COVID-19-ға күдік туындаған жағдайда өзінің немесе жақын маңдағы емхананың фильтр кабинетіне жүгіне алады. Ол үшін мәртебенің болуы және Қорға жарна төлегені туралы ақпараттың керегі жоқ.

⚡Қажет болған жағдайда пациенттердің мәртебесінің бар-жоғына қарамастан шұғыл түрде операциялар жасалады, кейде оның бағасы өте қымбат болуы мүмкін.

💁‍♀️ 5 қыркүйектен бастап МӘМС-ке ешқашан төлем жасамаған немесе оны жүйелі түрде жасамаған дербес төлеушілер МӘМС-ке алдын ала төлем жасауға және өткен 12 айдағы жарналарды төлемей, бір жыл бұрын мәртебе алуға мүмкіндік алды. 2022 жылдың қыркүйегіне дейін өткен жылғы берешекті жаппай, сақтандыру мәртебесін алу мүмкін болмады.

ӨЗІҢІЗДІ ОСЫ ТІЗІМНЕН ІЗДЕП КӨРІҢІЗ. ЕГЕР БҰЛ ТІЗІМДЕ БОЛСАҢЫЗ, МӘМС ҮШІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕЙСІЗ. СЕБЕБІ СІЗ ҮШІН ОНЫ МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕЙДІ.

💥 жеңілдік санатына кіреді:

⚡18 жасқа дейінгі балалар;

⚡Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;;

⚡Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

⚡Үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

⚡Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

⚡Мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

⚡Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар

⚡Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері

⚡ Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар

⚡Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;

⚡ Жұмыс істемейтін қандастар;

⚡ “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

⚡ Мүгедектігі бар адамдар;

⚡ Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

⚡ Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

🙌 Сіз өзіңіздің әлеуметтік мәртебеңізді egov.kz порталы арқылы тексере аласыз. Егер адам тізімде жоқ болса, онда растайтын құжаттардың тізімін жинап, ХҚО-ға тапсыру қажет. Ақпарат мемлекеттік органдарға растау үшін жіберіледі.

Дербес төлеушілер МӘМС жарналарын өз бетінше қалай төлеуге болады?

✅ Дербес төлеушілер МӘМС-ке ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде жарна төлейді. 2022 жылы бұл сома 3000 теңгені құрайды

Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналарын төлеудің екі балама әдісі бар

  1. МӘМС жарналарын ай сайын төлеңіз. Бұл ретте, егер пациенттің алдыңғы 12 ай үшін берешегі болса, оны өтеу қажет
  2. Келесі 12 ай үшін жарналарды төлеңіз (ағымдағы күннен бастап). Бұл жағдайда, егер қарыз болса, оны өтеудің қажеті жоқ

Жарналарды кез келген банкте, олардың мобильді қосымшаларында және интернет сервистерінде, “Қазпошта” АҚ және төлем терминалдарында төлеуге болады

Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналарын төлеуге арналған деректемелер ⏬

шот KZ92009MEDS368609103

БСН 160440007161

 



САҚТАНДЫРУ МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕ АЛАМЫН ЖӘНЕ ТӨЛЕНБЕГЕН КЕЗЕҢДЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ҚАЙДАН АЛАМЫН?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мәртебені тексерудің бірнеше тәсілі бар:

  • kz ресми сайты
  • https://t.me/SaqtandyryBot телеграм-боты
  • Qoldau 24/7 мобилдік қосымшасы
  • kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинет

Айларға бөлінген МӘМС төлемдері бойынша толық көшірілімді https://t.me/SaqtandyryBot  және eGov.kz телеграм-боты арқылы ала аласыздар.


💁‍♀️ ТМККК ЖӘНЕ МӘМС ПАКЕТТЕРІ: АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

🚑 ТМККК – бастапқы және шұғыл медициналық көмек. Ол үшін өз қалтаңыздан төлем жасаудың қажеті жоқ. Себебі МӘМС жүйесіне қатысқаныңызға қарамастан, Сізге мемлекет кепілдік береді.

☝🏽 Бұл пакетке:

✳ паллиативті көмек

✳ туберкулез кезіндегі медициналық оңалту

✳ Д-есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кіреді

✳ созылмалы әрі әлеуметтік маңызы бар және Д-есепте тұрған аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

✳ Инфекциялық және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын пациенттерді емдеу

☔ МӘМС – медициналық көмектің кеңейтілген пакетіне қол жеткізетін әлеуметтік медициналық сақтандыру. Пакетіндегі медициналық көмектің көлемі төлем жасаушының кірісіне немесе жүйеге төленетін жарналардың мөлшеріне байланысты емес.

☝🏽 МӘМС – бұл:

✳ салалық мамандардың кеңестері

✳ диагностикалық тексерулер

✳ амбулаториялық деңгейде емдеу

✳ күндізгі және тәулік бойғы стационарларда емделу

✳ қымбат тұратын медициналық қызметтер

✳ медициналық оңалту

дәрі-дәрмекпен қамту және МӘМС

💥 МӘМС көмегімен өз мүмкіндігіңізді кеңейтіңіз!


МӘМС – ҚАРЖЫҢЫЗДЫ ҮНЕМДЕУ

 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі міндеттерінің бірі – халықтың медициналық көмекке, оның ішінде қымбат қызметтерге төлейтін шығынын азайту. 

Сақтандырылған азаматтар:

  • Ауруларды ерте анықтауға профилактикалық тексерулерден (скринингтерден) өту
  • Сізге қажет диагностикалық тексерулерді көрсеткіштер бойынша өту. Оның ішінде КТ, МРТ, ПЭТ және т.б.
  • Салалық мамандардан кеңес алу
  • ЭКҰ бағдарламасына қатысу
  • Күндізгі немесе тәуліктік стационарда емделуден өту
  • Медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болса, өз таңдауыңыз бойынша кез келген медициналық ұйымда операция жасату
  • медициналық оңалтудан өту
  • азаматтардың жекелеген санаттары стоматологиялық көмек ала алады.

 

МӘМС-ке төлем жасап, өзіңізді қымбат медициналық қызметтерге жұмсалатын шығындардан қорғаңыз.

 


⁉️МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАЛАЙ САҚТАНДЫРЫЛУҒА БОЛАДЫ?

💁‍♂️ Егер мен МӘМС-ке ешқашан жарна төлемеген болсам, сақтандырылу мәртебесін қалай алуға болады? Оның үстіне еш жерде жұмыс істемеймін. Жұмыссыздар санатында да жоқпын. Жеке кәсіпкер де емеспін. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына да жатпаймын. Қайтпек керек?

❗️1-ші нұсқа

Сақтандыру мәртебесін алу үшін МӘМС-ке өтіп кеткен 12 ай үшін немесе осы кезең ішінде жарналар аударылмаған белгілі бір айлар үшін төлем жасай аласыз.

Сақтандыру мәртебесі жарна төлегеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде беріледі. Алдағы уақытта да өз мәртебеңізді сақтап қалу үшін дербес төлеуші ретінде ай сайын жарна төлеу қажет:

  • 2021 жылы – айына 2 125 теңге
  • 2022 жылы – айына 3 000 теңге.

 

❗️ 2-ші нұсқа

Жарналарды алдағы 12 ай үшін алдын ала төлей аласыз.

☝️Осылайша, жыл бойына сақтандыру мәртебесін алу мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда өтіп кеткен айлар үшін жарна төлеудің қажеті жоқ.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың аталған балама тетігі қыркүйек айының басында күшіне енеді.

💁‍♀️ МӘМС-пен бірге болу үшін өзіңізге ыңғайлы жолды таңдаңыз!


2022 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН КІМ ЖӘНЕ ҚАНША ТӨЛЕЙДІ

1 қаңтардан бастап ЕТЖ мен АЕК-тің артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін  жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді.

Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 мың теңгеден аспайды.

Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейді.

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар – ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 200 теңге төлейді.

Бірыңғай жиынтық төлем:

✔қала тұрғындары үшін – 1 АЕК немесе 3 063 теңге;

✔ ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңгені құрайды.

Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 мың теңге төлейді.

Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты, яғни  11 млн-нан астам адам үшін төлем жасайды.

Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.



  • ЕГЕР МЕН ЖАРНАНЫ ӨЗГЕ ЖСН-ГЕ ТӨЛЕСЕМ, ТӨЛЕМ КҮНДЕРІН ҚАТЕ ЖАЗСАМ НЕМЕСЕ ҚАТЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ КӨРСЕТСЕМ, АҚШАНЫ ҚАЙТАРЫП АЛА АЛАМЫН БА НЕМЕСЕ БАСҚА КЕЗЕҢДЕРГЕ ҚАЙТА БӨЛУГЕ БОЛА МА?

МӘМС төлемдерін басқа кезеңдерге қайта бөлуге болмайды, бірақ оларды қайтарып алуға мүмкіндік бар.

Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ- ға өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды қоса тіркеу қажет. Бұл банктің төлем тапсырмасы немесе анықтама болуы мүмкін.

Мемлекеттік корпорацияның мекенжайын eGov.kz сайтынан табуға болады.

Өтініштерді қарау мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайды.

Ақша төлем жасалған тәсіл бойынша кері қайтарылады.

  • МӘМС-КЕ АУДАРҒАН ЖАРНАЛАРЫМДЫ ҚАЙТАРА АЛАМЫН БА?

 

Иә, қайтара аласыз. Тек келесідей жағдайларда ғана. Егер жарнаны төлеу кезінде қате жіберіліп, сіздің жасаған төлеміңіз жүйеде көрінбесе жарна қайтарылады. Сондай-ақ егер сіз жеңілдікке ие азаматтар санатында болсаңыз, жарнаны қайтарып алуға болады. Өйткені, мұндай санаттағы адамдарға жарнаны мемлекет төлейді.

 

Басқа жағдайларда төлем қайтарылмауы мүмкін.

 

МӘМС-ке төленетін жарналар мен аударымдар түсетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мынадай себептер бойынша ақшаны қайтарудан бас тарта алады:

 

  • Өтініште қаржыны қайтаруға қисынсыз себеп жазылған кезде;
  • Өтінішке қоса берілген құжаттар толық болмаған жағдайда;
  • Ақшаны қайтаруға негіз жоқ болса;

 

Төлемді қайтару уақытша тоқтатылған немесе жойылған жеке кәсіпкерлерге ресімделеді, ал ақпараттық жүйелерден әлгі жеке кәсіпкердің жұмыс істеп тұрғандығы туралы деректер келеді. Мұндай жағдайда жарна қайтарылмайды.

 

  • ҚР аумағына уақытша тұруға келген шетел азаматы (шетелдіктердің отбасы мүшелері) МӘМС үшін қателесіп төлем жасаса ақшаны қайтаруға өтініш қалдыра алады.


График работы

№ уч Аймақ Дәрігер Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
1-ВОП взр

2-ВОП взр

3-ВОП взр-дети

11-ВОП взр

Болашақ 1.2.3.4.5.6, 80/3. 80/6, 90/1,

42-уч, ЖД 4-3а, 80/1, 80/2, 80/5, 80/7,

С.Алиев 32/1, 32/2, С.Мұқашев 35а Сатпаев жер үйлер 18/1, 18/2, 18/3, 18/4, 18/5, 18/6, 80/8

Ул.Шахатов жер үйлер, ЖД8/1, КПД-1,2,3,4,5,6,7.

С.Мүқашев-55 СМП

2-3 ауыл, ЛОКОМАТИВ, 60-үй

Журханова Н.Х 08:30-12:30 14:00-18:00 08:30-12:30 14:00-18:00 08:30-12:30
11-ВОП дети

10-ВОП дети

2-3 ауыл, ЛОКОМАТИВ, 60-үй

Ынтымақ, Жангелдин, С.Бекжанов, 12/1, 12/2

Мусагалиева Б.Д 08:30-12:30 14:00-18:00 08:30-12:30 14:00-18:00 08:30-12:30
2-ВОП дети

1-ВОП дети

42-уч, ЖД 4-3а, 80/1, 80/2, 80/5, 80/7,

С.Алиев 32/1, 32/2. С.Мұқашев 35а

Болашақ 1.2.3.4.5.6, 80/3. 80/6, 90/1

Аронова А.К 08:30-12:30 14:00-18:00 08:30-12:30 14:00-18:00 08:30-12:30
4-ВОП взр-дети

1-терапия взр

Уч,Бәйге-төбе, Ескене, Таскескен, НВК.

Вокзал маңы, 67-уч, Жаңа құрлыс, Алаш 9/1, 1-ауыл, Бейбітшілік-11

Калбаева А.К 14:00-18:00 08:30-12:30 14:00-18:00 08:30-12:30 14:00-18:00
9-ВОП взр-дети

10-ВОП взр

15-ВОП взр

 Бостандық көшесі 4-ауыл, 5 –ауыл, Мұнайшы газеті жер үйлер.

Ынтымақ, Жангелдин, С.Бекжанов, 12/1, 12/2.

80/4, 89/1, 68/1, Мұнайшы газеті корпус үйлер, ЖД 18/1, 18/2, 100/1, 100/2, 100/3, 100,4.

Оразова Б.Ж 14:00-18:00 08:30-12:30 14:00-18:00 08:30-12:30 14:00-18:00
15-ВОП дети 80/4, 89/1, 68/1, Мұнайшы газеті корпус үйлер, ЖД 18/1, 18/2, 100/1, 100/2, 100/3, 100,4. 1-ауыл Абдрашитова А.Ф 14:00-18:00 08:30-12:30 14:00-18:00 08:30-12:30 14:00-18:00
1-педиатрия Вокзал маңы, 67-уч, Жаңа құрлыс, Алаш 9/1. Айтмағанбетова А.Е 14:00-18:00 08:30-12:30 14:00-18:00 08:30-12:30 14:00-18:00
  Дерматолог Елемесоа Айнур Қажмукановна 10-00

12-00

10-00

12-00

10-00

12-00

10-00

12-00

10-00

12-00

  Кардиолог Тайшекенва Рыскүл Лекеровна 08-00

12-30

08-00

12-30

08-00

12-30

08-00

12-30

08-00

12-30

  Хирург

Лор

Окулист

Курмангалиев Асылбек Байбосынович 10-00

12-30

10-00

12-30

14-00

16-30

14-00

16-30

10-00

12-30

  Хирург

Лор

Окулист

Молдабеков Гамзат Айдарович 14-00

16-30

14-00

16-30

10-00

12-30

10-00

12-30

14-00

16-30

  Гинеколог Саламат Орын Қуандыққызы 09-00

12-00

14-00

18-00

09-00

12-00

09-00

12-00

14-00

18-00

  Гинеколог Батырова Нуржамал Жарилгасыновна 14-00

18-00

09-00

12-00

14-00

18-00

14-00

18-00

09-00

12-00

  Невропотолог Рустамов Жалганбай Сапарбаевич 10-00

12-00

10-00

12-00

10-00

12-00

10-00

12-00

10-00

12-00

  Инфекционист Аронова Айсулу Кубашевна 10-00

02-00

 

10-00

02-00

  Стоматолог

 (Зубной врач)

Сартаев Ержан Қайырғалиұлы 08-30

18-00

08-30

18-00

08-30

18-00

08-30

18-00

08-30

18-00

  Стоматолог

 

Шаменов Аділбек Нурланұлы 08-30

18-00

08-30

18-00

08-30

18-00

08-30

18-00

08-30

18-00

 

Название Скачать
1 ГОБМП и ОСМС каз пдф PDF

 


Мақат аудандық ауруханасының дәрігерлік учаскелік қабылдау кестесі ұсынылады
#МӘМС2023

 


Біздің медициналық ұйымда, “Халық денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі туралы”ҚР Кодексінің 58-бабына сәйкес Пациенттерге қолдау көрсету қызметі құрылды. Аталған қызмет емхана ғимаратының бірінші қатарында орналасқан, (колл центр) орталық байланыс телефоны 3-10-99 пациенттерге қызмет көрсетуде, барлық түскен сұрақтарды комиссия мүшесі, заңгер Е.Тайпанов қабылдайды.
Жауапты мамандар Аронова Айсұлу Кубашевна тел:8701-374-69-84, Тайпанов Еділ Маратұлы тел:8778-906-20-29,
Айтмағамбетова Айгүл Ермековна тел:8778-405-15-17.
#МӘМС

 


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі студенттер үшін қандай қызметтер қаралғаны туралы ақпаратымен таныса отырыңыздар!
#МӘМС2023

 


#МӘМС туралы не білеміз?
#МӘМС2023

 


#МӘМС2023

 


#МӘМС телеграмм мессенджері туралы түсіндірме жұмыстары, тіркеле отырыңыздар!
#МӘМС2023 

 


Сақтандыру мәртебесін тексеру, қолжетімді медициналық қызметтер мен МӘМС төлемдерін қарау — Damumed қосымшасының жаңа ыңғайлы функциялары 📱

1️⃣ МӘМС пакеті/ТМККК пакеті

Басты экрандағы «МӘМС пакеті/ТМККК пакеті» батырмасын басу арқылы сіз өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізге сәйкес қолжетімді медициналық қызметтердің тізімін көре аласыз. Мәртебе санаты үшеу ақ: «Сақтандырылған», «Сақтандырылмаған» және «Диспансерлік есепке алынған». Сіздің санатыңызға байланысты батырманың атауы да өзгереді.

2️⃣ МӘМС төлемдері

Ай сайынғы төлемдердің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты былау көруіңізге болады:
• Қосымшаның басты экранында «Ақпараттық қызметтер» батырмасын басыңыз;
• Ашылған терезеде «МӘМС төлемдері» опциясын таңдаңыз.

Бұл модульдегі ақпарат осы ай және алдыңғы 12 ай үшін берілген. Егер сақтандыру мәртебесі туралы немесе қосымшадағы ақпараттың дұрыстығы туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 1406 сенім телефонына хабарласуды ұсынамыз.

📌 Damumed көптеген ақпараттық жүйелермен, соның ішінде МӘСҚ «Saqtandyry» АЖ-мен біріктірілгенін айта кетейік. «МӘМС төлемдері» бөлімінде көріп отырған ақпаратты «Saqtandyry» АЖ әзірлейді.

Құрметпен, Damumed командасы.

 


Үстіміздегі жылдың 1маусымынан бастап “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КеАҚ халықтың қоңырау шалу мүмкіндігін арттыру мақсатында МӘМС және медициналық көмек алу мәселелері бойынша 1414 біріңғай байланыс орталығы қызметін ұсынады. 1414 операторлары сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабыллайды және оларға дауап береді. Сонымен қатар Qolday24/7 мобильді қосымшасы,fms.kz ресми сайтты немесе Telegram-дағы @SaqtandyryBot сияқты қордың баламалы байланыс араналарыда бұрынғыдай өз жұмысвн жалғастыратын болады.
#МӘМС
#ӘЛЕУМЕТТІКСАҚТАНДЫРУҚОРЫ

 


⚠️Құрметті пациенттер, сізге нақты көрсетілмеген медициналық қызмет фактісін анықтасаңыз Мекеменің пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз!
#МӘМС2023

 


Мақат аудандық ауруханасымен  пациенттерді қолдау қызметі жұмыс күндері қабылдау өткізуде.
#МӘМС2023