Мақат аудандық ауруханасында маңызды қадам: Алғашқы лапароскопиялық ота сәтті аяқталды!
Мақат аудандық ауруханасында маңызды қадам: Алғашқы лапароскопиялық ота сәтті аяқталды!
Мақат аудандық ауруханасында медициналық қызмет сапасы жаңа деңгейге көтерілді.
Ауруханада алғаш рет лапароскопиялық холецистэкомия әдісімен екі науқасқа күрделі ота сәтті жасалды.
Бүгін дәрігерлік тексеруден кейін өздерін жақсы сезінген науқастар қуанышты түрде үйлеріне шығарылды.
«Аталмыш оталарды аурухана директорының орынбасары, білікті хирург дәрігер Қанат Қуанышұлы Жұмаханов жоғары деңгейде жүзеге асырды», – деп өз алғысын білдірген пациенттер!
Жаңа әдістің арқасында науқастардың сауығу уақыты қысқарып, оңалту процесі әлдеқайда жеңілдеді.
Жергілікті тұрғындарға заманауи медициналық көмекті қолжетімді етіп жатқан ақ халатты абзал жандарға алғысымыз шексіз!
@densaulykatyrau @nursultan.khussanov @isb_makat


