Антикор

«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Мақат аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

12 желтоқсан 2022 жыл                                                                                                Мақат кенті.

 

 

Талдау жүргізуге негіз: Мақат аудандық ауруханасының (бұдан әрі текст бойынша – Кәсіпорын) 2022 жылғы 30 қарашадағы №314 бұйрығы негізінде арнайы жұмыс тобы құрылды.

Талдаудың мақсаты мен міндеті: Кәсіпорын қызметінің бағыты бойынша қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердегі және мемлекеттік қызмет көрсету бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау мерзімі: 01.01.2022 – 01.12.2022 кезең аралығы.

Талдау жүргізу уақыты: 2022 жылдың 30 қарашадан – 12 желтоқсан аралығы.

Жұмыс тобының құрамы:

  1. Айтмагамбетова Айгул Ермековна (директордың орынбасары – жұмыс тобы төрайымы).
  2. Таганиязова Шолпан Есеновна (бас медбике)
  3. Уразова Назгул Нурлановна (бас есепші).
  4. Қадимов Нұрғаділ Аманқұлұлы (мемлекеттік сатып алу маманы).
  5. Тайпанов Едил Маратович (заңгер – персоналды басқару бөлімінің меңгерушісі)

Жұмыс тобы екі бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығында көрсетілген негізгі бағыттарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізілді.

Кәсіпорын қызметін ұйымдастырушылық – басқарушылық және мемлекеттік қызмет көрсету бағыттары бойынша қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында келесідей құқықтық актілер зерделенді; ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ, “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңыны, “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 тамызда № 29062 болып тіркелді. Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қарашада № 21660 болып тіркелді.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық акітлерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы негізінде берілетін қайтыс болуды тіркеу медициналық №045/е нысанды анықтамасы науқас үйінде медициналық жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған жағдайда және қайтыс болған адамның туысқандары мәйтті патологиялық-анатомиялық зерттеуге беруден бас тартқан жағдайда қайтыс болуды тіркеу үшін медициналық №045/е нысанды анықтамасын беруге мүмкіншілік болмайды.

Аталған мәселе, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 268 бабының 2) тармақшасында, «қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады»-делінген талабымен сотқа талап арыз беру арқылы реттеледі. Алайда, бұл өз кезегінде қайтыс болған тұлғаның туыстарымен мұралық істі ашу мерзімін өткізіп алу қаупін туындатып мемлекеттік қызметке қол жеткізу үшін заң өкіліне (адвокат, заңгер) сот органдарына жүгініп ұзақ мерзім жоғалтады. Осы тектес, ұзақ мерзімді қызметке жүгінбесі үшін мүдделер қақтығысы туындау қаупі жоғарылайды сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер жасақтау қажет деп санаймын.

  1. Персоналды басқару бөлімі – бөлімше қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық акті; Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және салалық Ұжымдық шарт.

Мақат аудандық аудандық ауруханасының штаттық кестесі және құрылымдық бөлімшелері жыл сайын Байқау кеңесімен бекітіледі.

Талдау жүргізу кезеңінде жалақы қорының жалпы саны 340 адам, оның ішінде 45 жоғары буын қызметкерлері (дәрігерлер), 189 орта буын қызметкері (мейірбикелер), 78 кіші буын қызметкерлері (тазалықшылар) және қосалқы қызметкерлер 28.

2022 жылға аудан бойынша 1 отоларинголог (лор), 1 инфекионист дәрігері, және 1 нарколог-психолог дәрігеріне қажеттілік туындап отыр.

Қажеттілікті жою мақсатында электронды «Еңбек КЗ» порталы арқылы бос лауазымға сұраныс жарияланып, жоғары медициналық оқу орындарына арнайы сұраныс берілген.

Жұмыс режимі – ауысымдық және екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Кәсіпорынның алқалы басқарушы органы ретінде Байқау кеңесі құрылған.

Басшылық лауазымдар; 1 директор, 1 аға дәрігер, 1 бас есепші,                  3 директордың орынбасары оның ішінде; (1 директордың емхана ісі жөніндегі орынбасары, 1 директордың ана мен бала денсаулығын қадағалау ісі жөніндег орынбасары, 1 директордың емдеу ісі жөніндег орынбасары), басшылық лауазымыдар арасында – жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол берілмеу талабы сақталған.

2022 жылдың қаңтар – желтоқсан айлары аралығында 7 дәрігер, 12 мейірбике, 1 есепші, 3 санитарлық автокөлік жүргізушісі, 1 аула сыпырушы жұмысқа қабылданған. Қабылданған қызметкерлермен келісім шарт жасақталған.

Еңбек кодексінің 30 бабының 1 тармағының 2) тармақшасы және 33,34, 35,36 баптарының талаптары сақталған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік Еңбек кодексінің 34 бабына сай, «Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен ресімделеді»-делінген, яғни жұмысқа қабылдау кезінде қызметке орналасушы үміткермен жұмыс беруші (басшылық) арасында тікелей қарым-қатынас орын алады.

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлықтан өткізу қызметі жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі.

2022 жылдың 11 айында:

18 дәрігер

52 орта буын қызметкерлері

3 қосалқы қызметкер білім жетілдіру курсынан өткізілген.

Білім арттыру курстарынан өткен қызметкерлермен келісім шарттар жасақталып, іссапар шығындары өтелген.

  1. Мемлекеттік сатып алу қызметі – қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық акті; “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы.

1) Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылдың 10 қараша №КВ/3866-И санды тапсырмасына сәйкес, 2021 жылғы 24 ақпанда жасақталған №37 мемлекеттік сатып алу туралы шартқа негізсіз енгізіліп, төленген 21 201 теңге және 2022 жылғы 04 тамызда жасақталған №211 мемлекеттік сатып алу туралы шартқа негізсіз енгізіліп, төленген 13 680 теңге қосылған құн салығы (НДС) сомасын жергілікті бюджет кірісіне өтеу бойынша мекемелерге қатынас хат жолданды.

2) Электрондық мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы №54506889 жазатайым жағдалайлардын сақтандыру бойынша міндеттемелерді қайта сақтандыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартты тікелей бір көзден алу тәсілімен келісім шарты жасақталған болатын, осы шарт бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылдың 03 қазан күні камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы №231010000-ОИПД-14-185856 санды хабарлама берілді.

Хабарламаны дереу орындау мақсатында, электрондық мемлекеттік сатып алу веб-порталынан тікелей бір көзден алу, баға ұсыныстарын сұрату тәсіліне аустырылып бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанымен, күні бүгінге дейін бұзушылықтарды жою туралы электрондық хабарлама дәрежесі электрондық веб-порталында өзгертілмей, кейін лауазымды тұлғаға айыппұл салынды.

Мемлекеттік сатып алу қызметіне жауапты маманға тәртіптік шара қолданылып, алдағы уақытта осы тектес бұзушылықтар қайталанбасы үшін арнайы жауапты маман ескертілген.

Мемлекеттік сатып алу қызметіне қатысты, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 1 талап арыз берілді.

Мемлекеттік сатып алу қызметінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, қызмет толыққанды электронды жүйеге көшірілген.

  1. Дәрігерлік консултациялық кеңес қызметі – қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілер; ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі, Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы.

Медициналық іс құжаттарды рәсімдеу кезінде (анықтамалар, еңбекке жарамсыздық парақшылары, қорытындылар және т.б.,) жүгінушінің жеке басын анықтау, осы қызметке жүгінушінің делдалдық қызметке жүгінбеуін қатаң бақылауға алу бағытында медициналық сараптама комиссиясы құрылған және ем алушылар мен тұрғындардың амбулаторлық медициналық картасы электрондық нысанға ауыстырылып, дәрігерлердің қабылдауына жазылу электрондық кезек арқылы бір жүйеге қойылды, ашықтық жағынан жаңа технологиялық даму, электронды денсаулық сақтау жүйесі принциптерімен жұмыс жасауды қолға алудын оңтайлы бағыттарының бірі, осы бағыт өз кезегінде сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын-алуды және оны мүлдем болдырмауға үлкен септігін тигізіп келеді.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру, «Damumed» Медициналық ақпараттық жүйесі» бағдарламасы арқылы жүргізіледі, нуқастың жұмыс орыны мәліметтері диагнозы толық тіркеліп арнайы қатаң есептегі бланкімен беріледі.

2022 жылдың 11 айында 7880 еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген.

Қызмет алу мерзімі бұзылған фактілер анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет алу бағытында жеке және заңды тұлғалардан арыз шағымдар түспеген.

Берілген еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, қызмет барынша электронды жүйеге көшірілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру бағытында, аудандық аурухананың бөлімшелерінде және келіушілердің назары түсетін жерлерге, «Қызмет бабын пайдаланып игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алудың жолы жоқ»-тақырыбында парақшалар қойылып, медицина қызметкерлері арасында, «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңын» кеңінен түсіндіру тақырыбында ғимарат ішіндегі көрнекі халық көп шоғырланатын жерге тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған жадынамалары (түрлі түсті бояумен шығарылған) көрнекті арнайы тақтайшаға ілінді.

Мақат аудандық ауруханасының жанынан ішкі аудит және пациенттердің құқын қорғау бөлімі өз жұмысын одан әрі жалғастыруда, аурухананың басшылық лауазымдағы қызметкерлеріне, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған шараларды күшейту туралы» арнайы бұйрықпен қосымша міндеттер жүктелді.

2022 жылы жеке тұлғалардан «е-өтініш» және «109» халық өтінішін жедел қарау әлеуметтік желісі арқылы 8, кәсіпорын басшысы атына жазбаша 6 арыз-шағым түсті, түскен арыздар тіркеліп аудандық аурухана дәрігерлері жанынан құрылған ішкі аудит және пациенттердің құқын қорғау комиссиясымен уақытыл қаралып, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданды.

Түскен шағымдардың ішінде; 2 арыз медициналық қызметтің сапасына қатысты болса қалған 4 арыз дәрігерлік қабылдау кезінде этика-деонтология қағидаларын сақтамау бағытында болды.

2022 жылдың 11 айының көрсеткіші бойынша аудандық аурухананың медицина қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық бағытында ешқандай құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар:

  1. жұмысқа қабылданатын үміткерлерді конкурс түрінде комиссия арқылы қабылдауды.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысы жоғары салаларға қатысты қызметті тұрақты ішкі бақылау.
  3. Мемлекеттік сатып алу қызметінің ашықтығын үнемі қадағалау.
  4. Ұжымда адал еңбек культін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төбеушілікті қалыптастыру.

Айтмагамбетова Айгул Ермековна (директордың орынбасары – жұмыс тобы төрайымы)_____________________________

Таганиязова Шолпан Есеновна (бас медбике)_________________________

Уразова Назгул Нурлановна (бас есепші)__________________________

Тайпанов Едил Маратович (заңгер – персоналды басқару бөлімінің меңгерушісі)_______________________________

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде «Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады.

«Antikor оrtalyǵy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады.

Antikor оrtalyǵy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Antikor оrtalyǵy-ның функциялары:

– жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау;

– уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультация беру және жәрдем көрсету;

– жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіру.

Орталықтың жұмыс уақыты: дс-жм, сағ. 09:00-ден 17:00-ге дейін.