Жария талқылаудың анонсы
Мақат аудандық ауруханасының қызметінің бағыты бойынша қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердегі және мемлекеттік қызмет көрсету бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытына ішкі талдау жұмыс тобы 01 маусымдағы №341 санды бұйрық негізінде құрылды.
Ішкі талдаудың жүргізілу уақыты: 03.06.-03.07.2026ж., аралығы.
Талдау мерзімі: 2025 жылдың маусым – желтоқсан және 2026 жылдың қаңтар – мамыр аралығын қамтиді.
Ішкі талдау қызметінің бағыты мемлекеттік сатып алу қызметін тексеру үстінде. Бұған дейінгі уақытта, аудандық ауруханамен берілетін медициналық анықтамалар және уақытша еңбекке жарамсыз парақтарын беру қызметтері тексерілді, анықталған бұзушылықтар бар және ол бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда.
Комиссия өз жұмысын 3 шілдеге аяқтайды.


