Туберкулез дегеніміз не?

Туберкулез – бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез – бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының – сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.
Жұқтырудың негізгі көзі – туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.

Туберкулез қалайша тарайды?
Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті.

Туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар
Толыққанды тамақтанудың болмауы, туберкулезбен ауыратындармен тығыз, ұзақ қарым-қатынас жасау (кішкентай балаларға қысқа мерзімді қарым-қатынастың өзі жеткілікті), маскүнемді, темекі шегу, нашақорлық, ілеспе аурулардың болуы (диабет, асқазан жарасы, өкпенің созылмалы аурулары).

Туберкулез белгілері?
Ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел, шаршау және әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, температураның ұзақ көтерілуі, түнде тершеңдік, кеуде қуысындағы ауырсыну, қан түкіру.


Жарияланды: 11.04.202312:49

Автор: