Күні кеше Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткен

Күні кеше Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткендігін жарыса жазып, сүйіншілеткен едік. Бұл қатарды толықтырғандардың қатарында доссорлық сәби де бар.

20 миллиондық қазақстандықтар есебін бастаушы нәрестелер арасында 14 қараша күні таңғы сағат 07:05-те Доссор селолық ауруханасының перзентхана бөлімінде Бибінұр Арманқызы дүние есігін ашқан.

Бүгін, 17 қараша күні перзентханаға арнайы барған аудан әкімі Ринат Ибрагимов нәрестенің анасын құттықтап, салтанатты түрде туу туралы куәлік табыс етті.

Аудан әкімі еліміздің жиырма миллионыншы тұрғыны болып өмір есігін ашқан перзенттің ата-анасына игі тілегін жеткізіп, сәбидің болашағы жарқын болуын тіледі. Сондай-ақ ол сәбиге қажетті керек жарақтар толы себет пен балалар арбасын сыйға тартты.

Айта кетейік, Жиенәлиевтер отбасында дүниеге келген Бибінұр Арманқызы отбасындағы екінші бала. Бойы – 52 см, салмағы – 3480 грамм.

Дәрігерлердің сөзінше, бүгінде сәби мен ананың денсаулығы жақсы. Қуанышқа кенелген отбасы өз кезегінде аудан әкімдігіне рахметін айтып, ризашылығын білдірді.


Жарияланды: 30.11.202308:52

Автор: