Бас дәрігері

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №640 бұйрығы негізінде, Абленова Балжибек Абулхаировна Мақат аудандық ауруханасы директорының міндетін уақытша атқарушы.

Абленова Балжибек Абулхаировна – 15.06.1986 жылы туылған, 2010 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп, қызмет жолын Мақат аудандық орталық ауруханасының терапевт дәрігері болып бастаған, 2017 жылы “Денсаулық сақтау менеджменті” мамандығы бойынша қайта дайындықтан өтіп, 2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап осы аурухананың жалпы бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған, 2020 жылдың 1 қазан айынан бастап директордың ана мен бала денсаулығын қадағалау жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалған.