Бүгін – өмірлерінде бірде – бір рет қателесуге қақысы жоқ мамандық иелерінің төл мерекесі.

Елімізде әлемнің бірқатар елдеріндегідей маусым айының үшінші жексенбісін дәрігерлер күні ретінде атап өту дәстүрі қалыптасып келеді.

Ең алғаш рет мереке “Мереке және атаулы күндер туралы” аталатын Кеңестер Одағының Жоғары Президумының қаулысы бойынша 1980 жылдың 1 қазанында қабылданған болатын.

Аурудың жасқа да, кәріге де қарамастан, ұрымтал жерден соға беретіні ақиқат. Сондықтан ине мен пышақты өмірлеріне серік еткен ақ халатты, алтын қолды дәрігерлер қауымына бесіктегі баладан есіктегі қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз екендігіне шүбәміз жоқ.

Кәсіби мереке қарсаңында Мақат аудандық аурухансының дәрігерлер құрамымен таныса отырып өзіңіздің дәрігеріңізге “Алғыс” сөзін жазып белгілеп кетіңіз !

#медицинакүні

@maqat_tynysy @maqataudany @makat_audani_ishki_sayasat


Жарияланды: 19.06.202309:38

Автор: