Бас дәрігері
Тайшекенова Рыскул Лекерқызы, 1965 жылы 22 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыс селосында дүниеге келген, 1972 – 1982 жылдары аралығында кенбай мектебінде орта білім тәмамдап, 1982 жылы Ақтөбе мемлекттік медициналық институтының емдеу ісі факультетіне оқуға түсіп, 1988 жылы аталған оқу орнын бітіргеннен кейін жолдамамен Мақат поселкесіндегі темір жол ауруханасына келіп ТЧ -4 мекемесінің цех дәрігері болып қызметке қабылданды. 1988-1999 жыл аралығында осы ауруханада терапевт- дәрігер болып жұмыс атқарды. Аурухананың таратылу себептеріне байланысты 2000ж. аудандық орталық ауруханаға учаскелік дәрігер болып жұмысқа алынып, сол жылдың мамыр айынан бастап дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері лауазымына тағайындалды. 2001- 2004 жылы аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, 2005- 2011ж аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің ұйымдастыру – әдістемелік жөніндегі орынбасары, 2012 жылдан бастап бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау ісі жөніндегі орынбасары, 2021 жылдан бастап директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етіп келеді. 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап директордың уақытша міндетін атқарушы.
Жетістіктері:
2005 ж – үздік жыл дәрігері, 2008жылы аудан әкімінің Алғыс хаты,
2009 жылы Президенттің Құрмет грамотасымен марапатталған.