26-ҚАЗАН АЛКОГОЛЬДІ ІШУДЕН БАС ТАРТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ КҮНІ аясында Мақат аудандық ауруханасында “Ашық есік күні ” ұйымдастырылд

Шара мақсаты – алкогольдің ағзаға теріс әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыру, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың өз денсаулығына жауапты көзқарасын қалыптастыру.
Әлемдік масштабта алкоголь денсаулық сақтау саласындағы ең маңызды үш проблеманың бірі болып табылады. Алкогольді тұтыну 200-ден астам аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемаларға әсер етеді.
“Алкогольді шамадан тыс тұтыну өлім-жітімнің, халықтың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігінен айырылудың негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бұл психикалық және мінез-құлық бұзылуларына, соның ішінде алкогольге тәуелділікке, бауыр циррозы, қатерлі ісік, жүрек-тамыр аурулары және басқа да органдардың зақымдануы сияқты ауыр инфекциялық емес ауруларға әкеледі”,-дейді дәрігер-нарколог Абишев Кыдырбек Смағұлұлы
Мақат аудандық ауруханасының қызметкерлері алкогольді ішуден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
#алкогольдітұтынудыбастарту


Жарияланды: 31.10.202308:54

Автор: