Сенбілік жұмыстар жалғасуда
Көктемнің наурыз-сәуір айы күл-қоқыстан тазарып, жаңару мерзімі. Бүгін жалпыхалықтық сенбілік күні.
Осыған орай, Мақат аудандық аурухана мен Доссор селолық ауруханасында дәстүрлі сенбілік шарасы өтті. Қоғамдық шараға тазалыққа бей-жай қарамайтын дәрігерлер мен мейірбикелер қатысып, жұмысқа жұмыла кірісті.
Аумақты күл-қоқыстан тазартқан ақ халаттылар көшеттерді қопсыту жұмыстарына да атсалысты.
Сонымен қатар, сенбілікке қатысқандар ауруханада санитариялық талаптарға сай тазарту жұмыстарын жүргізіп, аурухана іргесіндегі көшелерді де тазалады.
Мақат аудандық аурухананың баспасөз қызметі