Өз денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз!
Мақат аудандық ауруханасының аймақ дәрігері Қалампыр Ықыласқызы әр қабылдауында тұрғындарды скринингтік тексеруден уақтылы өтуге шақырып келуде!
«Скрининг – ауруды асқындырмай тұрып, ерте сатысында анықтаудың ең тиімді жолы. Көптеген қауіпті сырқаттардың алдын алу өз қолымызда. Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексеруден уақтылы өтуі тиіс», – дейді дәрігер.
Денсаулығыңыз – басты байлығыңыз. Уақыт тауып, скринингтен өтіңіз!
#скрининг


