«Мектепке жол» – игі бастама!
Мақат аудандық ауруханасының Кәсіподақ ұйымы дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Шараның шымылдығын ашқан аурухана директоры Нұрсұлтан Нұржанұлы балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға қажетті оқу құралдары мен сөмкелерді салтанатты түрде табыстады.
Сондай-ақ бүлдіршіндерге денсаулық, оқуда озат болу мен биік шыңдарды бағындыруға тілектестігін білдірді.


