МАҚАТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

МАҚАТ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мақат аудандық орталық ауруханасына басшы болып
Хусанов Нұрсұлтан Нұржанұлы тағайындалды.

Нұрсұлтан Хусанов 1994 жылы дүниеге келген.

Білімі – жоғары, 2011-2016 жылдары Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітірген.

2018-2020 жылдары Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының магистрі;

2022-2023 жылдары Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының кәсіби қайта даярлау бағдарламасынан өткен;

2024 жылы “Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары Мектебі” Қазақстан медицина университеті, Денсаулық сақтау менеджері;

2025 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі “Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы” “Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау» циклі бойынша біліктілігін арттырған.

Еңбек жолын 2017-2018 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі “Республикалық денсаулық сақтау орталығы” Медициналық көмекті жетілдіру орталығы денсаулық сақтау қызметтерін дамыту және интеграциялау бөлімінің маман болып бастаған.

2021 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі “Республикалық денсаулық сақтау орталығы” Медициналық көмекті жетілдіру орталығының Медициналық көмекті талдау бөлімінің жетекші маманы;

2021-2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі “С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ”Медициналық көмекті жетілдіру орталығының Медициналық көмекті талдау бөлімінің жетекші маманы;

2022 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаяты департаменті Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы;

2022-2025 жылдары Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы;

2025 жылдан бүгінгі күнге дейін №4 Атырау қалалық емханасының Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған.

Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Жарияланды: 05.05.202613:51

Автор: