Атырау облысы, Мақат аудандық ауруханасына жаңа басшы тағайындалды. Аталған қызметке Хусанов Нұрсұлтан Нұржанұлы келді. Ол 1994 жылы дүниеге келген.
Атырау облысы, Мақат аудандық ауруханасына жаңа басшы тағайындалды. Аталған қызметке Хусанов Нұрсұлтан Нұржанұлы келді. Ол 1994 жылы дүниеге келген.
Нұрсұлтан Нұржанұлы 2011-2016 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша білім алған. 2018-2020 жылдары Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында магистратураны тәмамдады. Сонымен қатар, 2022-2023 жылдары осы академияда кәсіби қайта даярлау бағдарламасынан өткен. 2024 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстан медицина университетінде «Денсаулық сақтау менеджері» біліктілігін алды. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығында медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау бойынша біліктілігін арттырған.
Еңбек жолын 2017 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық денсаулық сақтау орталығында» бастап, медициналық көмекті жетілдіру орталығының денсаулық сақтау қызметтерін дамыту және интеграциялау бөлімінде маман болып жұмыс істеді. 2021 жылы осы орталықта медициналық көмекті талдау бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды. Кейін Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығында осы бағыттағы жұмысын жалғастырды.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек саясаты департаментінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы болды. 2022-2025 жылдары Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасында қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2025-2026 жылдары №4 Атырау қалалық емханасында медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі директордың орынбасары болды.
2026 жылдың сәуір айынан бастап Нұрсұлтан Нұржанұлы Атырау облысы Мақат аудандық ауруханасының директоры қызметіне тағайындалды.



