Мақат аудандық ауруханасынан тұмауға қарсы екпе алуға шақырамыз!

Мақат аудандық ауруханасынан тұмауға қарсы екпе алуға шақырамыз!

📌 Тұмау – эпидемия және пандемия түрінде тез әрі кең таралатын, маусымдық жұқпалы ауру. Тұмауды жеңіл-желпі ауру деп қарауға болмайды. Халық арасында «Тұмау түбі – құрт» деп бекер айтылмаған. Себебі бұл ауруда уақытылы алдын алып, ем қолданбаса, түрлі қосымша дерттің асқынуына әкеліп соғады.
📌 2023 жылдың 1 қазанынан бастап жаппай вакцинация басталды. Кез келген ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған дұрыс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сырқаттанушылықты, асқынуларды және өлім-жітімді айтарлықтай азайтатын, халықты тұмаудан қорғайтын жалғыз және тиімді іс-шара ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынды.
Мақат ауданы бойынша маусымдық тұмауға қарсы екпені бүгінгі күнгі дейін 347 адам алды. Оның ішінде:
✔142-медицина қызметкерлері,
✔25- жиі ауыратын балалар ,
✔13-Д есепте тұратын балалар,
✔24-жүктіліктің 2-3 триместріндегі әйелдер,
✔60 жастан асқандар-28,
✔Д есепте тұратын ересек адамдар-115 алды.
Тұмауға қарсы екпе алу әлі жалғасуда,барлығыңызды екпе алуға шақырамыз!Өз денсаулығыңыз-өз қолыңызда!

Мақат аудандық
ауруханасының эпидемиолог
дәрігері: Төлепова Г.А.


Жарияланды: 07.11.202308:14

Автор: