Халқымыз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы биыл да жаңа оқу жылының басталуымен қатар келді. Президенттің әр жылғы Жолдауы – тарихи құжат.

Халқымыз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы биыл да жаңа оқу жылының басталуымен қатар келді. Президенттің әр жылғы Жолдауы – тарихи құжат.

«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын мен де қарап, толық тыңдап шықтым. Жолдауда жаңа реформалар нақты белгіленіп, тиісті өзгерістер аталды. Сондай-ақ, қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық маңызды салалары қамтылды.

Мемлекет басшысының әр жылғы Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттер кезең-кезеңімен орындалып, өз нәтижелерін беріп келеді.

Осы ретте Президент «AMANAT» партиясының екі сәтті «Қарызсыз қоғам» және «Ауыл аманаты» жобаларын тілге тиек етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтыратын жағдайлардың алдын алып, халықтың қаржылық сауатын арттыру маңызы зор екенін жеткізді. Осы орайда «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап, сәтті бастама екенін баса айтты. Бұл жобаның игілігін мұнайлы өлкеміздің тұрғындары да көріп үлгерді. Мәселен аталмыш жоба аясында 280 аудан тұрғыны қаржылық сауатын арттырған болатын. Тұрғындардың көңілінен шыққан бұл жоба Президент тапсырмасына сай ауқымы кеңейтіліп алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенеміз.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау қажет екенін жеткізді. Бұл ретте Мемлекет басшысы партия мен Үкіметтің бірлесе жүзеге асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасының маңызы зор екенін айтты.

Жалпы ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында қолға алынған аталмыш жоба аясында аудандағы 3 тұрғынның жобасы мақұлданып, 25,8 млн. теңге көлемінде несиеге ие болғанын айтуға болады. Сондай-ақ, тағы 10 адам құжат жинақтап, жобаға қатысуға қызығушылық танытып отыр.

Алдағы уақытта да жобаның берері молая түспек. Өйткені Президент «Ауыл аманатының» келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керектігін баса айтқан болатын.
Толығырақ Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқын жоладуынан http://president.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-adiletti-kazakstannyn-ekonomikalyk-bagdary-atty-kazakstan-


Жарияланды: 19.09.202310:06

Автор: