Ұжымда вирустық гепатит туралы кездесу өтті

Үстіміздегі жылдың 21-31 шілде аралығында Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күніне орай” Мақат желілік өндірістік басқармасы” қызметкерлеріне гепатит ауруы жөнінде семинар-тренинг өткізілді. Мақат аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері А.Аронова, эпидемиолог дәрігері Г.Төлепова және салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімі мейірбикесі А.Мусагалиева вирустық гепатиттің пайда болуы және сақтану тәсілдерін кеңінен түсіндіріп, жас ерекшеліктері бойынша дәрігерлік учаске арқылы скрининг бағдарламасын уақытылы өтіп тұру және гепатитке қарсы вакцина алу туралы кеңес берді.
#вирустықгепатит


Жарияланды: 24.08.202315:55

Автор: