Денсаулық сақтау ұйымдарының есепке алу медициналық құжаттамалары нысандарының тізбесі бекітілді
“Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарының есепке алу медициналық құжаттамалары нысандарының тізбесі бекітілді.
Тұрғындар арасында ақпаратты жеткізу мақсатында Мақат аудандық ауруханасында анықтамалық бұрышы жасақталып, көрсетілетін қызмет туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.