АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ЕКПЕ АЛУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Бүгін Мақат аудандық аурухананың бас дәрігері Балжібек Абулхаировна аудан тұрғындарын ревакцинация, вакцинацияға шақырды.

–       Қалыпты өмірге оралу үшін вакцина алудың маңызы зор. Коронавирус бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған дерт. Өз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қарап, ревакцинациядан өтіңіздер,‐ деді бас дәрігер.

Қазіргі таңда аурухана қорында «Pfizer», «QazVac» екпесі бар.   Вакциның «Pfizer» түрі  12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған. Ал, жүкті әйелдерге 16-37 апта аралығында және емізулі аналарға екі жасқа дейін салуға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, 18 жастан асқандарға «QazVac» екпесін алуға болады.

50 жастан асқан аудан тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Pfizer» вакцинасы салынады.

Мақат кенті мен Доссор тұрғындарын уақытылы екпе алып, ревакцинациядан өтуге шақырамыз. Саулық сақтықта екенін есте ұстайық. Екпе Мақат аудандық ауруханасы мен Доссор селолық ауруханасында салынады.

Айта кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Атырау қаласы қазір жасыл аймақта тұр. Ауруды болдырмай, оның алдын алу үшін ревакцинациядан өтіңіздер. Вакцина туралы мәлімет алғыңыз келсе 87784826862 номеріне қоңырау соғыңыз.

Мақат аудандық аурухананың

баспасөз хатшысы Ақбөпе ЕРГЕШ


Жарияланды: 16.04.202216:30

Автор: