Аурухана тарихы

Мақат аудандық

ауруханасының даму тарихы.

1924 жылы Мақат ауданының аудан орталығы кәзіргі Доссор кенті болғандықтан аудандық аурухана орталығы сол жылы Доссорда құрыла бастаған.

Аудандық аурухананың алғашқы медицина саласының қызметкері ретінде Осипов Михаил Васильевич деген фельдшер қызмет атқарған. Ол Орал медициналық училищасын 1919 жылы тамамдап, Мақат ауданына өзінің жары М.Осыповамен бірге келіп, өмірінің соңғы күндеріне дейін аудандық тері аурулары диспансерінде қызмет атқарған.

1950 – 60 жылдар аралығында Доссор аудандық ауруханасының құрамында 100 керует саны құрылып бекітілген.

1966 жылы Мақат ауданын Ембі ауданына қосып, 1966 жылы Мақат ауданы қайта құрылды. 1978 жылы аудан орталығы Доссордан Мақатқа көшіп, бұл жерде аудандық аурухана ғимаратының алғашқы ірге тасы салына бастады. Осы түстан бастап ауданда дәрігерлік қамту жұмыстары одан әрі жақсарды. Ауданда 50 орындық туберкулезге қарсы күрес диспансері жұмыс істеп, онда У.Ш.Бектұрғанов, Н.Тілесов, Ю.Ш.Әлисұлтановтар тұрғындарға дәрігерлік қызмет көрсетсе, 20 орындық тері венерология аурулары диспансерінде А.Дәуренов, М.Ертілеуов секілді дәрігерлер қызмет етті.

Сондай – ақ, ұзақ жылдары облыстық сүйек туберкулезі санаториясы осы ауданда орналасты онда, Мағаз Шонаев есімді денсаулық саласына үлкен еңбегі сіңген дәрігер ұзақ жыл табысты еңбек етті. 1950 жылдан бастап Мақатта теміржол желілік дәрігерлік санитарлық амбулатория жұмыс істей бастады, онда П.И.Вяхирова деген терапевт ұзақ жылдар тұрғындарға қызмет көрсеткен. 1968 жылы Мақатта 50 орындық теміржол ауруханасы ашылып, Хайролла Жұмабаев, В.Ф.Небога секілді дәрігерлер теміржолшыларға дәрігерлік көмектерін ұсынған.

Аудан бойынша, Мақат аудандық аурухана орталығының құрамында алыс шалғайдағы елді мекеніндерге медициналық қызметін ұсыну үшін Байшонос елді мекенінде дәрігерлік амбулатория, Ескене және Бек – Бике елді мекендерінде медициналық бекеттер болды, кейін елді мекендер көшірілуіне орай медициналық пунктер жабылды. Байге-төбе ауылында фельдщерлік – акушеркалық пункт тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

Доссор аудандық орталық ауруханасы 2013 жылдың қараша айынан бастап Мақат аудандық орталық ауруханасының құрамына бірігу жолымен қосылып, Доссор ауылдық ауруханасы статусына ие болды.

Аудандық аурухана алғашқы құрылған жылдардан бастап, осы уақыт аралығында аудандық аурухананың басшылық қызметін атқарған тұлғалар:

  1. Джандауов Кадим Джандауұлы – хирург дәрігер, медициналық қызметтің майоры, ұлы отан соғысының ардагері.
  2. Осыпова Вера Михайловна (М.В.Осыповтың қызы) 1951 жылы Алматы медициналық институтын бітіріп, 1952 – 1956 жылдары жүйке аурулары дәрігері, бөлім меңгерушісі, облыстық кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, зейнеткерлікке қалғанға дейін жүйке аурулары дәрігері.
  3. Джандауов Амирхан Джандауұлы – оташы дәрігер 1956 – 1958 жж.
  4. Алисултанов Юсуп Шахнұлы – фтизиатр дәрігері 1958 – 1961 жж.
  5. Сальцева Евгения Андревна – жүйке аурулары дәрігері 1961 – 1966 жж.
  6. Нұрмағамбетов Төлеген Шаханұлы – оташы дәрігері 1966 – 1977 жж.
  7. Жетыбаев Қожық Тұрсынбайұлы – дәрігер 1977 – 1985 жж.
  8. Бектурганов Өтеш шалабайұлы – фтизиатр дәрігері 1985 – 1990 жж.
  9. Нуржигитов Туркпенбай – жүйке аурулары дәрігері 1990 – 1995 жж.
  10. Жумагалиев Ахметжан Сариевич – педиатр дәрігері 1995 – 1999 жж.
  11. Жанкулов Амангали Хадырединұлы – рентгенолог дәрігері 1999 – 2000 жж.
  12. Сағиев Жанабай Нұғымашұлы – дәрігер 2000 – 2003 жж.
  13. Альмагамбетов Арыстан Семгалиұлы – оташы дәрігері 2003 – 2006 жж.
  14. Ундасынов Батырбек Саламатұлы – тері аурулары дәрігері 2006 жылдың 05 қаңтар айынан бастап 2020 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Мақат аудандық ауруханасының бас дәрігері.
  15. Абдрахманов Асулан Нурбуланович – хирург дәрігері, 2020 жылдың 7 қыркүйек айынан бастап Мақат аудандық ауруханасының директорының міндетін атқарушы болып 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін атқарып келді.
  16. Абленова Балжібек Абулхайровна – терапевт дәрігері, 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Мақат аудандық ауруханасының директоры болып 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін қызмет атқарды.
  17. Тайшекенова Рыску Лекеровна кардиолог дәрігері, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Мақат аудандық ауруханасы директорының уақытша міндетін атқарушы.

Ауданымызда амбулаториялық емханалық көмек көрсететін 250 адамға арналған үш қабатты ғимараты 2010 жылы қабылдануға берілген, 2006 жылы 70 адамға арналған Доссор ауылдық ауруханасы салынды.

Аудан орталығынан алыс шалғайда орналасқан ауыл аймаққа, кепілді медициналық көмек көрсету бағытында, Мақат ауданына қарасты Байге – Төбе ауылдық округқа 2015 жылы ФАП салынды, оған облыстық бюджеттен 68 990 000 (алпыс сегіз миллион тоғыз жүз тоқсан мың) теңге бөлінді. Бүгінгі таңда халық саны өсуіне орай, дәрігерлік амбулатормияға өзгертілді, онда 1 дәрігер, 3 медбике, 1 акушерка қызмет етеді.

Жалпы аудан бойынша, 50 дәрігер қызмет етеді, оның ішінде; бейінді мамандар 2 офтальмолог, 1 балалар хирургі, 1 фтизиатр дәрігері, 5 педиатр, 2 хирург, 1 балалар стоматологі, 1 кардиолог, 1 онколог – мамолог, 1 балалар невропатологі және т.б. мамандар бар.

Мақат аудандық ауруханасының оңалту – сауықтыру  орталығы 2016 жылы ашылды, оңалту орталығының орын-жайы емхана ғимаратында орналасқан жалпы алаңы – 548,6 м²,

  1. Аппарат электрохирургический ЭХВЧ-350-03 Фотек (демеушілік)
  2. Аппарат искусственной вентиляции легких Bellavista 1000 с принадлежности(Германия) жергілікті бюджеттен 13 440 000 теңге.
  3. Фетальный монитор(кардиограф)матери и плода F9 (Китай) жергілікті бюджеттен 1 920 000 теңге.
  4. Аппарат расследования крови Epoc Reader считыватель тест карт,Epoc Host2 (Motorola MC55AO) и хранения информации блок питания для считывающего устройства epoc Reader,Термопринтер SEWOO LK-P21 (демеушілік)
  5. Портативное устройство регистрации отоакустической эмисси OtoRead в комплекте interacoustic s (демеушілік)
  6. «Aquilion Ligtning» компьютерлік томография жүйесі орнатылды.