Есеп 2018 жыл

                  2018 жылдың 12 айында Мақат ауданы халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында, емдеу- сауықтыру және түрлі аурулардың  алдын алу жұмыстары бойынша медицина қызметкерлерімен көрсетілген қызметтердің мәліметі.

Бүгінгі таңда аудан бойынша жалпы халық саны 28133 болып отыр, оның ішінде балалар саны 9791  – 34% пайызды, жасөспірімдер 1175 – 4,5 % пайызды, ересектер саны – 17167 – 61% пайызды құрап отыр. Жалпы әйелдер саны  – 13912-49,5% құраса, оның ішінде босанатын жастағы әйелдер саны – 6396

Ауданымыз бойынша тұрғындарға медициналық көмек ұсынатын 3 (үш) медициналық орталық бар, олар Мақат аудандық орталық ауруханасы және оның құрылымдық бөлімшесі Доссор кентінде орналасқан  Доссор селолық ауруханасы, және де аудандық өкпе ауруларға қарсы диспансері.

Сонымен қатар, аудан орталығынан тыс, алыс шалғайда орналасқан елді мекендердің халқына медициналық көмек көрсететін 2 медициналық бекеттер бар.

Бұл бекеттерде алғашқы медициналық көмек көрсете алатын әрдайым өз қызметтеріне сеніммен қарайтын фельдшер мамандар қызмет атқарады.

Ауданымызда  амбулаториялық емханалық көмек көрсететін Мақат аудандық емханасы 250 адамға дейін қабылдауға дәрменді болса, Доссор емханасының күші бір мезетте 70 адамды қабылдауға жетеді.

Сондай-ақ, аудан бойынша стационарлық көмек көрсетуді жіктеп көрсететін  болсақ:  Мақат аудандық орталық ауруханасында ем алушыларды қабылдайтын 55 төсек орын, ал Доссор селолық ауруханасында 20 төсек орынды құрап отыр, бұлардың жиындық көрсеткіші аудан бойынша 75 төсек санын құрайды.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2017–2018 жыл 12 айға салыстырмалы түрде жасақталған демографиялық көрсеткіш төмендегідей есептілікті қамтып отыр:

2017 ж

12 ай

Көрсеткіш 2018 ж

12 ай

Көрсеткіш
Туу көрсеткіші 686 24,9 700 24,9
Өлім көрсеткіші 136 4,9 151 5,4
Сәбилер шетінеуі 1 1,5 7 10
Перинаталды өлім 5 7,2 6 8,6
Өлі туу 5 7,2 3 4,3
Ана өлімі 0 0
Табиғи өсім 20,0 19,4

 

 

Жалпы  аурушаңдық бойынша  көрсеткіштер

Балалар арасында      2017 жылы 10 айда -5254

2018 жылы 10 айда-2573

 

Жасөспірімдер арасында    2017 жылы 10 айда -578

2018 жылы 10 айда -219

 

Ересектер арасында      2017 жылы 10 айда-7652

2018 жылы 10 айда -3409

 

Ауруды дер кезінде анықтау, мүгедектікті азайту мақсатында жүргізілетін скрининг байқаудың маңызы зор.

Аудан бойынша скрининг – байқаудың 2018 жылдың 12 айындағы орындалуы жөніндегі мәліметі

Балалар скринингі бойынша (0 – 18 жасқа дейін) жоспарланғаны 9571, 12 айда қаралғаны 9571 құрап, 100 % пайызды құрап отыр, табылғаны 438(4,5%)

Қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алу скринингінің 2018 жылғы жоспарланғаны 2836, 12 айда қаралғаны 2936-103,53 %, ауру табылғаны- 208(7,08%), есепке алынғаны-175-84,13%

Қант диабеті ауруының алдын алу скринингі бойынша жоспарланғаны – 2836 ,12 айда қаралғаны 2932- 103,39 % пайызын құрады, табылғаны 17(0,58%), есепке алынғаны 16-94,12%

Глаукома ауруының алдын-алу скринингі бойынша жоспары 2832,

12 айда  қаралғаны 2926-103,32%, табылғаны 1-0,03%, есепке алынғаны -1

Сүт бездері ісігі ауруларының алдын алу скринингі бойынша жопарланғаны 990, 12 айда қаралғаны 1146 -115,76% пайызын құрады, табылғаны жоқ.

Жатыр мойын ісігі ауруының алдын алу скринингі бойынша жоспарланғаны 1126, 12 айда қаралғаны 1251–111,10 %, ауру табылғаны-2, есепке алынганы-2

Колоректалды ісіктің алдын алу скринингі бойынша жопарланғаны 1112, 12 айда қаралғаны 1177-105,85 %, табылғаны-1(0,08%),есепке алынганы-1(100%)

 

Онкологиялық аурушандық бойынша:

Онкологиялық қатерлі ісік ауруы 2017 жылы 12 айда 29(105.5) наукас болса,

2018 жылы 12 айда 39 (138,6) науқас тіркеліп отыр.

 

 

 

 

Ана мен бала денсаулығын оңалту бағдарламасы бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №164 «Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында медициналық көмекті жетілдіру бойынша шаралар туралы» бұйрығымен бекітілген аналар мен 5 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы қызметкерлермен қызмет бабында үнемі бақыланып , қызметтің әдісі ретінде пайдаланады.   Аудан бойынша 3 акушер – гинеколог дәрігері қызмет етеді, оның біреуінің санаттылығы бар. 24 кереует аналар денсаулығы үшін ұйымдастырылған.

ҚР ДСМ  03.07.2012ж №452 бұйрығы бойынша босанатын жастағы әйелдердің денсаулығын тексеру,  экстрагенитальды патологияларын уақытында анықтау, жүктілік кезінде болатын  аурулардың алдын алу және сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Аурулары бойынша Д есепте тұратын 376  босанатын жастағы әйелдердің 376-100% емдеу-сауықтыру жұмыстары жүргізілді . Жүктілік отбасын жоспарлау  кабинеті ашылды, 16 әйелге жүктіліктен сақтану әдістері қолданылды, 106 лекция оқылып және жатырдан тыс ағзалар ауруларынан емделу, жоспарлы профилактикалық тексерістің пайдасы туралы ақпараттар таратылып, кеңестер берілді.

Ай сайын АПТК отырыстары 16 рет өткізіліп комиссия мүшелері мен 10 әйел қаралып, 10 әйелге сауықтыру шаралары мен жүктілікті жоспарлау жөнінде  шешім етілді. Жүктілікке қарсы көрсетілімі бар әйелдер саны нақтыланды, абсолютті қарсы көрсетіліммен диспансерлік есепте 35 әйел қаралуда, оның ішінде жүктілігі бойынша тіркелмеген. Жасанды түсік (искусственный аборт) саны жылма жыл азайып отыр, оның себебі босанатын жастағы әйелдер арасында отбасын жоспарлау жөніндегі үгіт насихат жұмыстарының жақсы жолға қойылып отырғаны деп білемін.

Жүкті әйелдерде жиі кездесетін эклампсия, қан кету кезіндегі жедел көмекті ұйымдастыру шаралары бойынша медициналық қызметкерлер арасында тренингтер өткізілді, аптечкалар жасақталып барлық қабылдау кабинеттері жабдықталды.

Балаларға қызмет                                                                                                                                              Аудандағы  жалпы  балалар саны 9791,оның ішінде 1 жасқа дейінгілері 681. Учаскелік дәрігерлер мен гинеколог мамандар арқылы бірлесіп жасақталған жоспарға сай 1 жасқа дейінгі сәбилер денсаулығын оңалту және өлім көрсеткіштерін болдырмау мақсатында қауіпті топтағы сәбилерге бақылау күшейтілген.

2018 жылы 12  айда 7 сәби шетінеуі тіркелді. Балалар арасында инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін екпелердің маңызы зор.Өкінішке орай екпеден бас тартып отырған балалар да бар. Аудан бойынша 63 баланың ата анасы балаларына  екпе салдырудан  бас тартып отыр. Учаскелік дәрігерлер мен медбикелер халық арасында екпенің маңызы жөнінінде түсінік жұмыстарын жүргізуде. Барлық балалар дәрігерлері мен мейірбикелер «балалық шақтағы ауруларды ықпалдастырып емдеу» (ИВБДВ) бағдарламасы бойынша дайындықтан өткен.  Емханаларда дені сау бала кабинеттері жұмыс жасайды.

Денсаулықты нығайту кабинеттері арқылы осы тақырыпта бұқаралық ақпарат құралдарынан кеңес берілді.

Ауруханалық көмек

Стационарлық көмек 75 кереуетте көрсетіледі, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген бірыңғай ұлттық  жүйенің нәтижесі бойынша жұмыс жасайды.

Мақат аудандық орталық ауруханасынан аудан бойынша 2017 жылмен салыстырганда 2017 ж 12 айда 2358 науқас  емделіп шықса,2018 жылы

12 айда 2697 наукас  ем алды.

Кереует күні  2017 ж 12  айда 18017 болса , 2018 ж 12  айда кереует күні  21537 болды.

Күндізгі стационарда, 2017 жылы 12 айда үйден қарауды қоса есептегенде 2010 науқас емделіп шықса , 2018 жылы 12 айда 2470 наукас емделіп шықты.

Корытындысында тәулік бойғы стационар қаражаты үнемделді. Ауыр науқастарға телемедицина арқылы кеңес ұйымдастырылған.

 

Амбулаториялық емханалық көмек

 

 

Аудан бойынша

2017 ж  12  айда қаралу Профтексеріс 2018 ж 12 айда

қаралу

Профтексеріс
135115 59705 134817 62709

 

 

 

 

                  Бас дәрігер:                                                           Б.С.Ундасынов