Жыл сайын 29 қазанда әлемде инсульт ауруларымен жаһандық күресте шұғыл шаралар қабылдауға шақыру мақсатында 2006 жылы Дүниежүзілік инсульт ұйымы (WSO) құрған Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аталып өтеді.

📌 Инсультті тудыруы мүмкін факторларға жоғары қан қысымы, қант диабеті, жоғары холестерин, семіздік, физикалық белсенділік, темекі шегу және алкогольді шамадан тыс тұтыну жатады.
Мақат аудандық ауруханасының дәрігер-невропатологы Ж.Рустемов және салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мейірбикесі А.Мусагалиева тұрғындар арасында “Инсульттың алдын алу профилактикасы” бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
“Біз әрқашан отбасылық тарихымызды немесе денсаулығымызды бақылай алмаймыз, бірақ инсульт алу ықтималдығын азайту үшін белгілі бір қадамдар жасай аламыз.
Олар, жоғары қан қысымы, жоғары холестерин, қант диабеті және семіздікпен күресетін адамдар үшін инсульттің алдын алу өмір салтын өзгертуден басталады”- дейді дәрігер-невропатолог Ж.Рустемов.
Шара мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, өз денсаулығына жанашырлық таныту болды.
#Дүниежүзілікинсультпенкүрес