Талдау сыбайлас 2023

«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Мақат аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

30 қазан 2023 жыл                                                                                              Мақат кенті.

Талдау жүргізуге негіз: Мақат аудандық ауруханасының (бұдан әрі текст бойынша – Кәсіпорын) 2023 жылғы 13 қазандағы №243 бұйрығы негізінде арнайы жұмыс тобы құрылды.

Талдаудың мақсаты мен міндеті: Кәсіпорын қызметінің бағыты бойынша қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердегі және мемлекеттік қызмет көрсету бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау мерзімі: 01.01.2023 – 23.10.2023 кезең аралығы.

Талдау жүргізу уақыты: 2022 жылдың 23 – 30 қазан күндерінің аралығы.

Жұмыс тобының құрамы:

  1. Айтмагамбетова Айгул Ермековна (директордың орынбасары – жұмыс тобы төрайымы).
  2. Таганиязова Шолпан Есеновна (бас медбике)
  3. Уразова Назгул Нурлановна (бас есепші).
  4. Қадимов Нұрғаділ Аманқұлұлы (мемлекеттік сатып алу маманы).
  5. Тайпанов Едил Маратович (заңгер)

Жұмыс тобы екі бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығында көрсетілген негізгі бағыттарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді.

Кәсіпорын қызметін ұйымдастырушылық – басқарушылық және мемлекеттік қызмет көрсету бағыттары бойынша қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында келесідей құқықтық актілер зерделенді; ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ, “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңыны, “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 тамызда № 29062 болып тіркелді. Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қарашада № 21660 болып тіркелді.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық акітлерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  1. Персоналды басқару бөлімі – бөлімше қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық акті; Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және салалық Ұжымдық шарт.

Мақат аудандық ауруханасының штаттық кестесі және құрылымдық бөлімшелері жыл сайын Байқау кеңесімен бекітіледі.

Талдау жүргізу кезеңінде жалақы қорының жалпы саны 374 адам, оның ішінде 42 жоғары буын қызметкерлері (дәрігерлер), 226 орта буын қызметкері (мейірбикелер), 78 кіші буын қызметкерлері (тазалықшылар) және қосалқы қызметкерлер 28.

2023 жылға аудан бойынша 1 отоларинголог (лор), 1 эндокринолог дәрігері, 1 травматолог, 4 жалпы тәжірибелі дәрігері және 1 нарколог-психолог дәрігеріне қажеттілік туындап отыр.

Қажеттілікті жою мақсатында электронды, «Еңбек КЗ» порталы арқылы бос лауазымға сұраныс жарияланып, жоғары медициналық оқу орындарына арнайы сұраныс берілген.

Жұмыс режимі – ауысымдық және екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Кәсіпорынның алқалы басқарушы органы ретінде: Байқау кеңесі құрылған.

Басшылық лауазымдар; 1 директор, 1 аға дәрігер, 1 бас есепші,                  3 директордың орынбасары оның ішінде; (1 директордың емхана ісі жөніндегі орынбасары, 1 директордың ана мен бала денсаулығын қадағалау ісі жөніндег орынбасары, 1 директордың емдеу ісі жөніндег орынбасары), басшылық лауазымыдар арасында – жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол берілмеу талабы сақталған.

2023 жылдың қаңтар – қазан айлары аралығында 4 дәрігер, 8 мейірбике, 4 тазалықшы жұмысқа қабылданған. Қабылданған қызметкерлермен келісім шарт жасақталған.

Жұмыс берушімен жұмыскерлер арасында жасақталған еңбек келісім шарттарында, «еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге» – делінген, тәртібі қаралған.

Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің жеке іс-құжаттарын саралау барысында келесідей бұзушылықтар анықталды;

Еңбек кодексінің 32 бабында еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі нақты көрсетілгенімен, ұйымның персоналды басқару бөлімі ішкі бұйрықпен «Медициналық ұйымдарда адами ресурстарды басқару бағдарламасы» бекітіліп, осы бағдарламаның 5 қосымшасында жұмысқа қабылданатын үміткерлермен тапсырылатын жеке құжаттарының тізімі жасақталған, аталған тізімде түйіндеме, бұған дейінгі жасаған жұмыс орнынан мінездеме немесе қолдау хат, зейнетақы шартымен мекен-жай анықтамасы көрсетілген. Аталған құжаттар жұмыскермен еңбек шартын жасасу кезінде негізгі құжат болып танылмайды яғни, жұмыскердің еңбек өтілін растау немесе жеке басына қатысты басқалай мәліметтерді алуға тікелей септігін тигізетін құжаттар қатарынан болмағандықтан, заң нормаларында көзделмеген артық құжаттарды талап ету, сыбайлас жемқорлық фактілерін туғызу ықтимал.

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлықтан өткізу қызметі жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі.

2023 жылдың 10 айында:

8 дәрігер

35 орта буын қызметкерлері

2 қосалқы қызметкер білім жетілдіру курсынан өткізілген.

Білім арттыру курстарынан өткен қызметкерлермен келісім шарттар жасақталып, іссапар шығындары өтелген.

  1. Мемлекеттік сатып алу қызметі – қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық акті; “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы.

Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарын тексеру барысында,            2023 жылы 6 наурыз айында №64 жасақталған, «Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт» «Өнім беруші» ЖК Орынбековамен «Оттегі баллонын толтыру» қызметіне 1 099 000 (бір миллион тоқсан тоғыз мың) теңгеге мемлекеттік сатып алу келісім шарты жасақталған, «Өнім беруші» ЖК Орынбекова 24 сәуір күні 67 160 (алпы жеті мың бір жүз алпыс) теңгеге қызметінің бір бөлігін орындап счет-фактура берген, кейін күні бүгінге дейін «Өнім беруші» ЖК Орынбековамен келісім шарттың қалған бөлігін орындалмағандығы анықталды, мекеме тарапынан бернеше рет ескерту, хабарламалар берілген алайда ЖК Орынбекова тарапынан ешқандай жауап хаттар болмаған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағындағы «тапсырыс беруші өздеріне әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгінуге міндетті»-делінген, талабын және мемлекеттік сатып алу келісім шартының 7.3 тармағын орындау көзделген яғни, «Өнім беруші» ЖК Орынбековадан бюджет есебіне міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіру қажет.

Мемлекеттік сатып алу қызметіне қатысты, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз беруге кеңес берілді.

Мемлекеттік сатып алу қызметіне жауапты маманға тәртіптік шара қолданылып, алдағы уақытта осы тектес бұзушылықтар қайталанбасы үшін арнайы жауапты маман ескертілген.

Мемлекеттік сатып алу қызметінде басқадай мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, қызмет толыққанды электронды жүйеге көшірілген.

  1. Дәрігерлік консултациялық кеңес қызметі – қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілер; ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі, Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы.

Медициналық іс құжаттарды рәсімдеу кезінде (анықтамалар, еңбекке жарамсыздық парақшылары, қорытындылар және т.б.,) жүгінушінің жеке басын анықтау, осы қызметке жүгінушінің делдалдық қызметке жүгінбеуін қатаң бақылауға алу бағытында медициналық сараптама комиссиясы құрылған және ем алушылар мен тұрғындардың амбулаторлық медициналық картасы электрондық нысанға ауыстырылып, дәрігерлердің қабылдауына жазылу электрондық кезек арқылы бір жүйеге қойылды, ашықтық жағынан жаңа технологиялық даму, электронды денсаулық сақтау жүйесі принциптерімен жұмыс жасауды қолға алудын оңтайлы бағыттарының бірі, осы бағыт өз кезегінде сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын-алуды және оны мүлдем болдырмауға үлкен септігін тигізіп келеді.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру, «Damumed» Медициналық ақпараттық жүйесі» бағдарламасы арқылы жүргізіледі, нуқастың жұмыс орыны мәліметтері диагнозы толық тіркеліп арнайы қатаң есептегі бланкімен беріледі.

Тексеру барысында, 15.11.2018 жылы туылған Жардем Асылхан Қанатұлы есімді, «Болашақ» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушісіне ұзақ мерзімге аурушандығы жөнінде анықтамалар беріліп келген, алайда «Damumed» Медициналық ақпараттық жүйесі» бағдарламасына баланың дәрігерге келіп қаралғаны толық жазылмаған, бала 2023 жылдың қаңтар айында 02.01.-20.01. аралығында, 23.01.-12.02. аралығында, сәуір айында, мамыр айында, маусым айында  он – жиырма күн аралығында денсаулығына байланысты медициналық анықтамалар алған.

Аталған жағдай бойынша тиісті құжаттар жинақталып аудандық аурухананың дәрігерлері мүшелігімен құрылған ішкі аудит және пациенттердің құқын қорғау комиссиясына тапсырылды.

2023 жылдың 10 айында 6758 еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген.

Қызмет алу мерзімі бұзылған фактілер анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет алу бағытында жеке және заңды тұлғалардан арыз шағымдар түспеген.

Берілген еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, қызмет барынша электронды жүйеге көшірілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру бағытында, аудандық аурухананың бөлімшелерінде және келіушілердің назары түсетін жерлерге, «Қызмет бабын пайдаланып игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алудың жолы жоқ»-тақырыбында парақшалар қойылып, медицина қызметкерлері арасында, «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңын» кеңінен түсіндіру тақырыбында ғимарат ішіндегі көрнекі халық көп шоғырланатын жерге тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған жадынамалары (түрлі түсті бояумен шығарылған) көрнекті арнайы тақтайшаға ілінді.

Мақат аудандық ауруханасының жанынан ішкі аудит және пациенттердің құқын қорғау бөлімі өз жұмысын одан әрі жалғастыруда, аурухананың басшылық лауазымдағы қызметкерлеріне, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған шараларды күшейту туралы» арнайы бұйрықпен қосымша міндеттер жүктелді.

2023 жылы жеке тұлғалардан «е-өтініш» және «109» халық өтінішін жедел қарау әлеуметтік желісі арқылы 7, кәсіпорын басшысы атына жазбаша 2 арыз-шағым түсті, түскен арыздар тіркеліп аудандық аурухана дәрігерлері жанынан құрылған ішкі аудит және пациенттердің құқын қорғау комиссиясымен уақытыл қаралып, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданды.

Түскен шағымдардың ішінде; 3 арыз медициналық қызметтің сапасына қатысты болса қалған 6 арыз дәрігерлік қабылдау кезінде этика-деонтология қағидаларын сақтамау бағытында болды.

2023 жылдың 10 айының көрсеткіші бойынша аудандық аурухананың медицина қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық бағытында ешқандай құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар:

  1. жұмысқа қабылданатын үміткерлермен еңбек шартын жасау барысында Еңбек кодексінің талаптарын қатаң сақтау.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысы жоғары салаларға қатысты қызметті тұрақты ішкі бақылау.
  3. Мемлекеттік сатып алу қызметінің ашықтығын үнемі қадағалау.
  4. Ұжымда адал еңбек культін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.

Айтмагамбетова Айгул Ермековна (директордың орынбасары – жұмыс тобы төрайымы)_____________________________

Таганиязова Шолпан Есеновна (бас медбике)_________________________

Уразова Назгул Нурлановна (бас есепші)_________________________

Тайпанов Едил Маратович (заңгер)_______________________________


Жарияланды: 04.11.202314:50

Автор: