Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша объектілік оқу-жаттығулар

“Азаматтық қорғау туралы ” Заңына сәйкес, ұйымдарда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша объектілік оқу-жаттығулар өтіп тұруы қажет.

Осындай практикалық жаттығу Мақат аудандық Жұқпалы аурулар бөлімінде бастау алды. Шара мақсаты персонал қызметкерлерінің іс-қимылын пысықтау, төтенше жағдайлардың алдын алу. Шартты өртті өшіру бойынша оқу-жаттығу штабы құрылып, әр топтың жұмысы талқыға түсті. Жиын соңында бас дәрігер міндетін атқарушы Тайшекенова Рыскүл Лекеровна қатысушыларға сәттілік және тек осындай оқу-жаттығуда кездесуді тілеп, штаб отырсын аяқтады.

@maqat_tynysy @makat_audani_ishki_sayasat


Жарияланды: 24.08.202316:25

Автор: