Тұмаудың алдын алу ережелері
Күзгі мезгілінде ауа райының күрт өзгеруінен, тұмаудың күшею кезеңі басталатыны бәріне мәлім. Ал, осындай қауіпті кезеңде алдын алу ережелерін сақтау маңызды.
Тұмаудың алдын алу ережелері:
Эпидемиялық маусым басталғанға дейін тұмауға қарсы екпе алыңыз. Адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көліктерде болу уақытын қысқартыңыз. Адамдар көп жиналатын жерлерде масканы қолданыңыз. Түшкіру немесе жөтелу сияқты ауру белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болыңыз. Қолыңызды үнемі сабынмен жуыңыз, әсіресе көше мен қоғамдық көліктен кейін.
Денсаулықты күту өз қолмызда!