Педикулез-кең таралған паразиттік ауру, оның қоздырғышы қан соратын жәндіктер БИТТЕР

“ПЕДИКУЛЕЗ, ҚЫШЫМА, ДЕРМАТОМИКОЗ” ТУРАЛЫ

‼️ Педикулез-кең таралған паразиттік ауру, оның қоздырғышы қан соратын жәндіктер БИТТЕР❌❌

Биттің 3 түрі бар: Шашта, киімде, шапта.

📌1.Бастағы  биттер. Адамнан  адамға  тікелей  қатынас арқылы  немесе  киім, тарақ, орамал (сүлгі) ортақ  пайдаланғанда  беріледі.Бас  биті  40 күнге дейін  өмір сүреді.Жұмыртқасы сұр – ақ түсті шашқа  жабысып орналасады. Шаштан бөлек  қаста, мұртта  кездеседі.Биттің шағуы  мен  сілекейіндегі  ферменттер  қатты  қышуды шақырады. Көбінесе  қыздар  мен  әйелдерде  кездеседі, себебі  бит  ұзын шашта  өмірін жақсы сақтайды.

📌2.Шаптағы биттер:Негізі шапта, жыныс мұшелерінде, артқы өтіс аймағына орналасады. Кейде  бит  терінің  шашты  бөліктерге, кеуде, іш, сан, қолтық астына, қасқа, кірпікке таралуы мүмкін. Субьективті  қатты  қышу  сезімі  болады.

📌3.Көйлек биттері. Бұл  дененің  биттеуі. Бастың битінен үлкенірек,  көйлектің , іш киімнің қатпарларында, тігістерінде  орналасады. Қанмен  қоректенеді, биттің  шағуы қатты қышынуды шақырады және сызықты  эксориацияға алып келеді , одан пиодермия дамуы мүмкін. Киіммен жанасатын  мойын, жауырын, бел  зақымданады.Ұзақ  уақытқа  созылған  педикулез  терінің  құрғауына, түлеуіне, қалыңдауына және  кір-сұр  пигментацияның,тыртықтың  дамуына  әкеледі.
‼️‼️Қорытындылай келе, педикулездің және т.б тері ауруларының ең қарапайым алдын алу шарасы ол жеке гигиенамен, тазалық!!!!

#педикулездерматомикоз
#қышымаалдыналу


Жарияланды: 07.11.202308:10

Автор: