Омыраумен емізу маңыздылығы туралы
1-7 тамыз Дүниежүзілік бала емізу апталығы аясында дәрігер-гинеколог Н.Батырова жүкті әйелдермен омыраумен емізу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
“Омыраумен емізу – бұл жүктілік пен босануды алмастыратын табиғи процессі. Жаңа туған нәресте мен оның анасы бірдей емшек сүтімен емізуді қажет”- дейді дәрігер маман. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы баланы алты айға толғанға дейін тек емшек сүтімен тамақтандыруды ұсынады. Негізінде тиісті тамақтандырумен бірге кем дегенде екі жасқа дейін емізуді жалғастырған абзал.
Омырау сүтінде ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, дәрумендердің, 15-тен астам гормондардың, лактобактериялардың, өсу мен даму факторларының оңтайлы қатынасы бар. Ана сүті нәрестені инфекциялардан қорғайтын антиденелерге бай. Сүт безінің мөлшері мен пішіні емшек сүтінің ұзақтығына әсер етпейді. Кез-келген әйел баласына қанша қажет болса, сонша сүт бере алады және емшек сүтімен емізуді қалағанша жалғастыра алады.
Емшекпен емізу аналарға да пайдалы, өйткені ол босануды бақылаудың табиғи әдісімен байланысты (туылғаннан кейінгі алғашқы алты айда қажетсіз жүктіліктен 98% қорғаныс).
Шара соңында дәрігер гинеколог Н.Батырова, омыраумен емізу әйелге босанғаннан кейін тезірек қалпына келуге көмектесетіні, сондай-ақ бұл сүт безі мен аналық без қатерлі ісігі, II типті қант диабеті және босанғаннан кейінгі депрессия қауіпін азайтатыны туралы кеңінен түсіндірді.