Омыраумен емізу апталығы

Тамыздың 1-7 аралығында өтетін Бүкіләлемдік омыраумен емізу апталығының басталғанын қуана хабарлаймыз!  Бұл – қоғамды ана сүтінің бала денсаулығы үшін маңызы жайында ақпараттандыратын және емізулі аналарды қолдауға бағытталған ерекше апта.

Емізу арқылы ана баласына мейірімін төгіп, махаббатына бөлейді. Ал сүтінің құрамындағы пайдалы дәрумендер сәби  денсаулығының мықты болуын қамтамасыз етеді.

Баланы табиғи жолмен емізу – ана мен бала арасындағы эмоционалды қарым-қатынасты орнатуға септігін тигізеді. Соның нәтижесінде сәби өзін қауіпсіз, әрі керекті сезінетін болады. Демек, психо-эмоционалды жағдайы да жақсы болмақ.

Мақат аудандық Перзентхана бөлімінің акушер Г.Берекетова және мейірбике М Омиралиева жаңа босанған әйелдерге омырауды сәбиге дұрыс үсыну тәсілі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, омыраумен емізуді қолдауға және ол кезеңді барынша ұзартуға шақырды.

Өйткені, бұл дені сау қоғамның қалыптасуына ықпал ететін маңызды әрекет. Сондықтан, құрметті аналар, біз сіздерді осы ғажайып кезеңде әрдайым қолдауға әзірміз! Бәріміз бірге Бүкіләлемдік омыраумен емізу күнін түсіністікпен, қолдаумен, мейіріммен атап өтейік!
#омырауменемізу


Жарияланды: 24.08.202315:58

Автор: