Медициналық қызмет

Қыркүйек айынан бастап шалғай елді мекендегі қарттардың және жалғыз басты қарттардың жәй-күйіне жылжымалы медициналық қызмет ұйымдастырылды. Бәйгетөбе аймағына жауапты дәрігер А.Қалбаева бастаған медицина саласының мамандары 402-бекет және Мақат кентіндегі Аманбердиев, Жұмағалиев (1-ауыл, 3-ауыл) көшелері аралығында тұратын қарттар мен жалғыз басты қарттарға қолжетімді медициналық қызметтерді ұйымдастырды.


Жарияланды: 04.10.202313:51

Автор: