Медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталды

Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталды‼️
🔰Сонымен қатар тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді ресімдеу мынадай санаттағын азаматтар бере алады:

1) зейнеткерлер;

2) мүгедектер;

3) қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (осы санаттағы жеке тұлғалар, кәмелетке толғандар болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да заңды өкілдері);

4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша);

5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер;

6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері;

7) шет мемлекеттерде туған балалар;

сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және т. б.;

9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндер.

МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары «Бекітілген халық тіркелімі» медициналық ақпараттық жүйесіне тіркеуге сұрау салуды ресімдейді. Ақпараттандыру ұйымының маманы тіркеуге сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

МСАК ұйымдарына бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:

1) МСАК аумақтық қолжетімділігі;

2) МСАК ұйымын еркін таңдау;

3) МСАК маманын (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;

4) отбасылық қызмет көрсету;

5) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан МСАК ұйымдарының тең құқығы және адал бәсекелестігі қағидаттарымен жүзеге асырылады.
Кейбір тұрғындар (азаматтар) медициналық ұйымына өтініш беру арқылы тіркелсе, қалған азаматтар онлайн қызметті таңдап (egov.kzпорталы арқылы) немесе ХҚКО-ға өтінішпен жүгіне алады.


Жарияланды: 04.10.202312:50

Автор: