МАҚАТТА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Мақат аудандық Аманат партиясы жанындағы «Денсаулық бастауыш партия» ұйымының ұйымдастыруымен ардагер, қарт кісілерге медициналық бақылау жұмысы жүргізілді. «Ардагерді ардақтайық» жобасын жылжымалы медициналық кешенде арнайы маман дәрігерлермен жүргізді.

Диагностикалық медицина кешені жолға шығып, ардагерлерді терапевт, гинеколог, окулист, стоматолог, педиатр мамандары қабылдады. Сонымен қатар, пациенттер ЭКГ, рентген, қан тапсыру, са лмақ өлшеу және лор қызметіне де жүгінді. Акцияға психолог мамандары да атсалысып, ана мен балаға керек кеңестермен бөлісті.

«Ардагерді ардақтайық» жобасы аясында окулист қарауына 13 адам, ЭКГ қызметіне 5 адам жүгінсе, терапия 13 ардагерді қабылдады. Стоматолог дәрігеріне 7 адам жүгініп, 12 бала екпе алды. Ардагерлерге арналған жоба нәтижесінде аудан тұрғындары дәрігерлерге қаралып, қажет ақпараттармен танысты.

Айта кетейік, жылжымалы медициналық кешеннің келесі аялдамасы Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылдық округіне жол тартпақ.

Мақат аудандық аурухананың

 баспасөз хатшысы Ақбөпе ЕРГЕШ


Жарияланды: 16.04.202216:25

Автор: