Мақат ауданында Қызылша ауруы бойынша тіркелу фактілері жиеленіп келеді. Бұл туралы өз баяндамасында: “Мақат ауданы бойынша қыркүйек айының басынан бастап қазіргі күнге дейін қызылша ауруының 33 жағдайы тіркелді.
Мақат ауданында Қызылша ауруы бойынша тіркелу фактілері жиеленіп келеді. Бұл туралы өз баяндамасында: “Мақат ауданы бойынша қыркүйек айының басынан бастап қазіргі күнге дейін қызылша ауруының 33 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 18 науқастың қан сынамасы Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасында зерттеліп, қызылша оң мәнді болып шықса, 4 науқастың анализ қорытындысы – теріс нәтиже болып шықты.
6 күдікті науқастың қан сынамасы зертханаға жеткізіліп, тексерілуде. 5 күдікті науқастың анализы 09.10.2023 ж алынады.
Тіркелген 33 жағдайдың ішінде, 14 жасқа дейінгіcі – 25 бала.
📌 1 жасқа дейін -1 жағдай, 1 жас – 6 жағдай, 2 – жас 4 жағдай, 3 жас – 4 жағдай, 4 жас – 3 жағдай, 5-6 жас – 2 жағдай, 8 жас – 1 жағдай, 11-12 жас – 2 жағдай, 13 жас – 1 жағдай.
Ересектер арасында – 8 жағдай. 📌22 жас – 1 жағдай, 31-32 жас – 2 жағдай, 39-40 жас – 2 жағдай, 📌45-46 жас – 2 жағдай, 47 жас – 1 жағдай анықталып отыр.
33 жағдайдың ішінде 11 науқас емін алып жазылды.
Өңір бойынша 30 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы екпе алмаған және екпе статусы белгісіз 2087 тұрғын анықталды, оның ішінде :
📌1 жастан 6 жасқа дейінгі екпе алмаған бала саны-687.
📌6 жас пен 17 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар саны-1310.
❌ екпеден бас тартып отырған бала саны-247.
📌Екпе жүргізуге жоспарланған бала саны-1750, қазіргі уақытта жоспардағы 1085 бала ККП екпесін алды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі екпе алған бала саны-350. 6 жас пен 17 жасқа дейінгі екпе алған балалар саны-735.
‼️Бұл көрсеткіш 62% құрап отыр.”- дейді дәрігер
эпидемиолог Гүлдана
Айболатқызы Толепова.
Аурудан сенімді қорғанудың бірден бір жолы Ұлттық егулер күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация болып табылады.
Ата-аналарға:
– балаларының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егулер алу;
– қызылшаға қарсы егілмеген балалардың әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын, ойын-сауық сауда орталықтарындағы ойын алаңдарына баруын шектеу ұсынылады.
‼️Қызылша-қауіпті инфекция, балаңызды, өзіңізді қорғап үлгеріңіз!!!!