Мақат аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің ұйымдастыруымен Мақат ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен “Есірткінің зияндығы туралы” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақат аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің ұйымдастыруымен Мақат ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен “Есірткінің зияндығы туралы” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық жұмыстары аясында төмендегідей сауалдарға түсіндірмелер берілді:
✅ Есірткінің адам ағзасына әсер ету жолдары қандай ?
Есірткі орталық жүйке жүйесіне тежеу арқылы әсер ете отырып, мидың нейрондарының арасындағы байланыстарды үзеді, нерв жүйесінің электр сигналдарын өткізу қабілетін бұзады. Нәтижесінде дененің физикалық қабілеті бұзылады, қозғалыс координациясы шаршайды, уақыт пен кеңістікті қабылдау сезімдері өзгергеді, ой-сана тұманданып, нақтылықты қабылдау нашарлайды.
✅ Есірткі топтарға
бөліне ме?
Есірткінің «ауыр» және «жеңіл» болып бөлінуі – оның 1 грамындағы улы заттардың көлеміне байланысты. Әйтсе де, есірткінің аз мөлшері де ағзаны уландырмай қоймайды. Ағзаға удың жиналуы байқалмастан, ақырын жалғаса береді. Адамның ойлау қабілеті, есте сақтау қабілеті біртіндеп кеміп, ашуланшақ және агрессивті болады. Шектен тыс қорқу сезімі пайда болады. Белгілі бір уақыттан кейін жеңіл есірткі қанағаттырмайтын болады да, адам есірткінің ауыр түріне көшеді. Жасөспірімдер әдетте «экстази», шөп, гашишті қолданылады да, біртіндеп, өздері де байқамастан винт, мулька, героин түрлеріне ауысады.
Тектес түсіндіру шаралары өз жалғасын табатын болады.
#есірткініңзияны