Көкжөтел  – жедел таралатын, көбінесе, 8 жасқа дейінгі балаларда болатын жұқпалы ауру

Көкжөтел (лат. пертұссіс) – жедел таралатын, көбінесе, 8 жасқа дейінгі балаларда болатын жұқпалы ауру.
Қоздырғыш бактериялар науқас бала жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы тарап, сау балаға жұғады. Аурудың білінбейтін (инкубациялық) кезеңі 2 – 15 (көбінесе, 5 – 7) күнге дейін созылады. Көкжөтел, әдетте, 6 – 7 аптаға созылады.Жөтел қақырық түскеннен кейін басылады. Бұл кезең 2 аптадан кейде 2 айға созылады.
Аурудың алдын алу үшін балалар емханасында баланың 5 айлығынан 14 жасқа дейін мезгіл-мезгіл вакцина егеді.
Көкжетел әдетте 3 ай немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Көкжөтел, әсіресе, бір жасқа дейінгі емшектегі балалар үшін қауіпті, сондықтан көкжөтелге қарсы екпені мүмкіндігінше ерте жасаған дұрыс .
#көкжөтелвакцина

Жарияланды: 21.07.202312:34

Автор: