Доссор кенті бойынша қыркүйек айынан бастап қазіргі күнге дейін қызылшаның 35 жағдай тіркеліп отыр.

‼️Доссор кенті бойынша
қыркүйек айынан бастап қазіргі күнге дейін қызылшаның 35 жағдай тіркеліп отыр.
‼️Эпидемиологиялық жағдай бойынша:
📌14 жасқа дейінгіcі – 26 бала. Атап айтсақ, 1 жасқа дейін -2 жағдай, 1 жас – 6 жағдай, 2 – жас 3 жағдай, 3 жас – 5 жағдай, 4 жас – 3 жағдай, 5-6 жас – 2 жағдай, 8 жас – 1 жағдай, 11-12 жас – 3 жағдай, 13 жас – 1 жағдай.
📌Ересектер арасында – 9 жағдай. Оның ішінде 22-жас аралығындағы – 1 жағдай , 31-32 жас – 2 жағдай, 39-40 жас – 2 жағдай, 45-46 жас – 2 жағдай, 47 жас – 1 жағдай орын алып отыр дейді Доссор селолық ауруханасының дәрігер эпидемиологы Амангелдиева Дария Сакенқызы. Ахуалдың алдын-алу профилактикасы негізінде Доссор кенті бойынша Б.Қанатбаев, С.Шарипов, О.Сарғұнанов,А.Құнанбаев атындағы орта мектеп оқушыларының ата-аналарына жалпы ортақ жиын Б.Қанатбаев мектебінде ұйымдастырылды.

‼️Аурудан сенімді қорғанудың бірден бір жолы Ұлттық егулер күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация болып табылады.

‼️Қызылша-қауіпті инфекция, балаңызды, өзіңізді қорғап үлгеріңіз!!!!

Доссор селолық ауруханасының дәрігер эпидемиологы Д.С.Амангелдиева
#қызылшағаекпеал


Жарияланды: 07.11.202308:23

Автор: