Денсаулық сақтау ұйымдарының есепке алу медициналық құжаттамалары нысандарының тізбесі бекітілді

“Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына​ сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарының есепке алу медициналық құжаттамалары нысандарының тізбесі бекітілді.

Тұрғындар арасында ​ақпаратты жеткізу мақсатында ​Мақат аудандық ауруханасында ​анықтамалық бұрышы жасақталып, көрсетілетін қызмет туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.


Жарияланды: 24.08.202315:44

Автор: