Дәруменнің пайдасы. Көкөністі дұрыс қайнату тақырыбында мастер класс өтті.
Мақат аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 21 сәуірінде 6 айлық балалардан бастап, салмағы аз балаларды “Қосымша тамақтандыру” бойынша дәріс өтті.
Офлайн дәрісте баланы дұрыс тамақтандыру, дәруменнің пайдасы мен көкөністерді дұрыс дайындау туралы мәліметтер айтылды. Дәрісті 4 ші ВОП аймақтық патронаж мейірбикесі Жамал Қонысбаева жүргізіп, ауданның жас аналары қатысты.