31-мамыр Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу

31-мамыр Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аясында “Денсаулық” белсенді клубының мүшелеріне Мақат тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдасатырылды.
Қазақ халқына қасірет әкелген сол бір аумалы-төкпелі жылдарда мыңдаған адам жазықсыз түрмеге тоғытылды, аяусыз атылды, туған жерінен айдалып кете барды. Ұлтын сүйген азаматтар тоталитарлық жүйенің құрбанына айналды. Елі үшін жанын берген әрбір тұлғаның есімі тарих беттерінде жазылды.
Тарихи деректерге сүйенсек, 1927-1953 жылдар аралығында қазақ жерінде 125 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді. Олардың ішінде Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатұлы, Бейімбет Майлин сынды Алаш арыстары бар. Экскурсия барысында ауданымызда саяси- құғын сүргін құрбаны болған Боран Айтмағамбетовке арналған бұрышы таныстырылды.
@makat_audani_ishki_sayasat
@raiana group


Жарияланды: 02.06.202309:42

Автор: