24 НАУРЫЗ ДҮНИЕЖҮЗІ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзі Туберкулезге қарсы күрес күнін атап өтеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен белгіленген бұл күн жыл сайын әртүрлі ұранмен өтеді. Туберкулездің алдын алу және анықтау, туберкулезге қатысты әр адамның белсенді өмір сүру жағдайын қалыптастыру жөніндегі білім-білік деңгейлерін көтеру мақсатында Мақат аудандық ауруханасының фтизиатор дәрігері Қалбаева Анар Кенжебекқызы және мейірбике Гүлжан Шарғабаева «Ашық есік күні» шарасы аясында тұрғындарға жадынамалар таратып, емшара алып бақылауда жүрген келуші азаматтарға қарапайым ержелерден тұратын ақпараттарды ұсынды. Осы тектес профилактикалық шаралар аудан көлемінде өз жалғасын табуда.