2017 жылдың 24-30 сәуір аралығында ауданымызда еуропалық иммундау апталығы өткізіледі
Иммундаудың басты мақсаты – жұқпалы аурулардың ,соның ішінде –күл (дифтерия), сіреспе (столбняк ),коклюш (көкжөтел),гемофильді инфекция(пневмония , менингит ) , туберкулез (құрт ауруы ),полиомиелит (сал ауруы ), вирусты гепатит ( сары ауру ), қызылша (корь ) ,қызамық (краснуха) және эпид паротит (шошқа мойын ) дерт терінің алдын алу, яғни болдырмау үшін халықты екпемен қамту болып табылады.
Вакцинация, яғни екпемен қамту деген не? Мұны қазіргі кездің ата-аналары жақ сы біледі , бірақ олардың көбі екпе аларда күмәнмен қарайды.Таң қалары жоқ,қазіргі ата-аналар ертеректе болған жұқпалы аурулармен кездескен жоқ. Осыдан 30-40 жыл бұ -рын ата-анаға қызылша мен дифтерияның қауіптілігін түсіндірудің қажеті болған жоқ еді,себебі ол кезде мұндай жұқпалы аурудан өлім себебі өте көп болатын. Ал, көкжөтелдің жөтелі қала немесе ауылдың кез келген ауласынан естіліп жататын.Сал ауруының қорқынышты болғаны соншалық ,таңертең ұйқысынан оянған бала аяқ астынан пайда болған салдан екі аяғын баса алмай қалатын. Қазіргі кезде сол кездегі салдың салдарынан мүгедек арбасына таңылған кәрі кісілерді кездестіруге болады.
Біздің балаларымыздың осындай ауыр жұқпалы дертке шалдықпауының бірден бір себебі—алдын алу екпелерін кеңінен жүргізу болып табылады.Екпе жасау өте дұрыс және қажет нәрсе.Әр елде өздеріне сай екпе күнтізбесі жасақталған.Біздің елімізде де үкімет қаулысымен бекітілген екпе егу ұлттық күнтізбесі бар.
ЖАСЫ ВОЗРАСТ |
Тубер-кулез (БЦЖ) | Полио-миелит (ОПВ, ИПВ) | Вирусный гепатит «В» | Коклюш, дифтерия, столбняк (АбКДС) | Гемо-фильная инфекция типа b (Хиб) | Диф-терия, столбняк (АДС) | Диф-терия, столбняк (АДС-М) | Корь, краснуха, паротит
(ККП, моновакцины) |
Весенне-летний кле-щевой энце-фалит | Чума | Брюшной тиф | Пневмо
кокковая инфекция |
1-4 күн/ дня |
+ |
|
+ |
|
|
|
||||||
2 ай/ месяца |
|
+ |
+ |
+ |
+ |
|
+ | |||||
3 ай/ месяца |
|
+ |
|
+ |
+ |
|
||||||
4 ай/месяца |
|
+ |
+ |
+ |
+ |
|
+ | |||||
12-15 ай/месяцев |
|
+ |
|
|
|
|
+ | + | ||||
18 ай/месяцев |
|
+ |
|
+ |
+ |
|
||||||
6 жас/лет (1 класс) |
+ |
|
|
+ |
|
|
+ | |||||
16 жас/ лет и через каждые 10 лет |
|
|
|
|
|
|
+
|
Әрбір ата-ана балаларына уақытында және тұрақты түрде екпе алуына жауапты. Екпе жаңа туылған нәрестеден басталады.Мысалы ,перзентханада туғаннан кейін 2 са- ғат өткен соң сары ауруға қарсы ,содан соң 2-4 күн аралығында туберкулезге қарсы екпе салынады. Нәресте 2 ай толғанда күл, сіреспеге ,көкжөтелге , пневмонияға қарсы егіледі. Бала 1 жасқа келгенде қызылша, қызамық ,сал ауруына қарсы егілу керек.2 жасқа толғанда сары аурудың А түріне қарсы егіледі. Бала 16 жасқа келгенде және одан 10 жыл сайын АДС ,яғни күл, сіреспе, көкжөтелге қарсы егіледі.
Қазіргі таңда ауданымызда жұқпалы ауру тіркелген жоқ. Алайда кейбір ата-аналар баласына екпе алудан бас тартып отырғаны өкінішті. 2014 жылы- 39 бала, 2015 ж-40 , 2016 -44 бала болса , биыл 2017ж –58 баланың ата-аналары екпе алдырудан бас тартып отыр. Жылдан жылға баласына екпе алудан бас тартушы ата-аналар саны көбейіп отыр. Бұл жағдай – аудан көлемінде жұқпалы аурудың бір мезетте бұрқ ете қалу қаупін туғызып отыр