12- мамыр Дүниежүзілік мейірбике күніне орай, Мақат аудандық ауруханасында “Ақ халатты ару” атты мейірбикелер сайысы өтті.

Сайысқа Доссор селолық ауруханасынан Нығмет Салима және Санжанова Аймекен аруларымыз қатысса, Мақат аудандық емханасынан Балуанбаева Бибіфатима және аудандық ауруханасының жалпы бөлім мейірбикесі Енсенгенова Дильназ секілді сұлу қыздарымыз додаға түсті.

Шара қорындысы бойынша:

“Сымбатты Ару”номинациясы бойынша Нығмет Салима, “Көрікті Ару” есіміне Санжанова Аймекен, иеленсе, “Өнерлі Ару” атауы Еңсегенова Дильназға, “Инабатты Ару” номинациясы Балуанбаева Бибіфатимаға бұйырды!

Марапаттарыңыз құтты болсын!


Жарияланды: 12.05.202318:37

Автор: