Қыз үйде-қылығы түзде тақырыбында семинар өтті

Мақат АА, Доссор СА бойынша “Дені сау ұлт” жобасын іске асыру барысында және Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырған “біздің планетамыз, біздің саулығымыз” ұлттық бағдарламасы негізінде шаралар өтті.

Атап айтсақ, Мақат АА Доссор СА мектептерінде гинеколог мамандар оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ерте жүктіліктің алдын алу, инфекциялық ауруларды болдырмау жайында өткен лекцияға 9-10-11 сынып оқушы қыздары қатысты.

Шарада гинеколог, психолог мамандар лекция оқып,  дені сау ұлтты бірге қалыптастыру қажеттігін түсіндірді.’


Жарияланды: 25.04.202210:26

Автор: