Есеп 2017 жыл

2017 жылдың 12 айында Мақат ауданы халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында, емдеу- сауықтыру және түрлі аурулардың  алдын алу жұмыстары бойынша медицина қызметкерлерімен көрсетілген қызметтердің мәліметі.

 

Бүгінгі таңда аудан бойынша жалпы халық саны 27478 болып отыр, оның ішінде балалар саны 9514 – 34,6% пайызды, жасөспірімдер 1133 – 4,1 % пайызды, ересектер саны – 16 831 – 61,2% пайызды құрап отыр.

Жалпы әйелдер саны – 13647 – 49.6% құраса, оның ішінде босанатын жастағы әйелдер саны – 6348 болашақ анадан тұрады.

Ауданымыз бойынша тұрғындарға медициналық көмек ұсынатын 3 (үш) медициналық орталық бар, олар Мақат аудандық орталық ауруханасы және оның құрылымдық бөлімшесі Доссор кентінде орналасқан  Доссор селолық ауруханасы, және де аудандық өкпе ауруларға қарсы диспансері.

Сонымен қатар, аудан орталығынан тыс, алыс шалғайда орналасқан елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсететін 2 медициналық бекеттер бар.

Мақат аудандық орталық ауруханасы кең профильді стационарлық және емханалық көмек көрсете алатын аурухана.

Мақат аудандық емханасы 250 адамға дейін қабылдауға дәрменді болса, Доссор емханасының күші бір мезетте 70 адам қабылдауға толық күштері жетеді.

Аурухана қызметкерлері кез келген аурулардың алдын алу шараларын жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

Аудан бойынша 34 дәрігер қызмет етеді, оның ішінде 8 жас маман, 12 дәрігерде біліктілік бар. пайыздық үлесі 46,1% пайызды құрайды.

Жоғары дәрежелі – 3 дәрігер,

I-ші дәрежелі – 6 дәрігер,

II-ші дәрежелі –  3 дәрігер.

2017 жылы 6 маман санаттылық дәрежесін алу жоспарланды, 4 маман емтихан тестілеуіне қайтадан өтуге жіберіліп, 2 маман санаттылық дәрежесін алды, 2018 жылға жоспар бойынша 8 маманды жоспарлап отырмыз, мамандар біліктілік деңгейін арттыруда. Дәрігер мамандардың санаттылық деңгейін 55% пайызға көтеру жоспарланып отыр.

2017 жылы 3 дәрігер қайта даярлау біліктілігінен өтті, олар: травматология, анестезиология реаниматология, УЗИ диагностикасы мамандықтары бойынша қызмет көрсетуде. 2018 жылға 4 дәрігерді қайта даярлаудан өткізуге жоспарлап отырмыз.

Мейірбикелер – 209, оның ішінде 43 жас маман, 78 медбикеде біліктілік бар. пайыздық үлесі 46,9% пайызды құрайды.

Жоғары дәрежелі – 68,

I-ші дәрежелі – 8 және

II-ші дәрежелі – 2 мейірбике бар.

2017 жылы 28 маман санаттылық дәрежесін алу жоспарланды, 12 маман санаттылық дәрежесін алды, 2018 жылға жоспар бойынша 30 маман жоспарланып отыр.

 

2017 жылы ауданға, Ақтөбе қаласының Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының түлектері жас мамандар,яғни 2 акушер-гинеколог дәрігерлері және Семей қаласының мемлекеттік медициналық университетінің түлегі 1 дәрігер терапевт келді, келген жас мамандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша аудан әкімі тарапынан қолдау көрсетіліп, біржолғы қаржылай көтерме ақымен және қызметтік тұрғын үймен қамтылды.

Ауданға 4 дәрігер маман қажет, 1 – хирург, 1 – лор дәрігері, 1 – педиатр (бала дәрігері), 1 – эндокринолог.

Жоғары медициналық білім беру оқу орындарын бітіретін түлектерді алдын – ала жұмысқа бөлу жәрменкесіне қатысу арқылы, «дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген жас мамандарға көрсетілетін қолдауларды кеңінен түсіндіріп насихаттау арқылы аудан орталығына жас мамандарды тарту жұмыстары өз мәжесінде жүргізіліп келеді.

 

Көрсетілген медициналық қызметтердің статистикалық деректері 2016–2017жыл 12 айға салыстырмалы түрде жасақталған

 

Амбулаторлық емханалық көмек бағыты бойынша;

 

Аудан бойынша скрининг – байқаудың 2017 жылдың 12 айындағы орындалуы жөніндегі мәлімет

 

Скринингтік  тексерулер 9 бағытта жүргізіледі, орындалуы 100% құрайды.

 

Балалар скринингі бойынша (0 – 18 жасқа дейін)

Жоспарланғаны Орындалғаны Көрсеткіш, % Анықталғаны Көрсеткіш,%
9424 9424 100 723 7,7

 

Балалар арасындағы скрининг тексеруі бойынша аурушандық деңгейі

  • Бірінші орында – миопия (көз аурулары)
  • Екінші орында – тіс жегі (кариес)
  • Үшінші орында – қаназдық ( анемия)

Қалыптасқан көрсеткішті төмендету бағытында бірнеше жұмыстар жоспарланып аудандық білім беру бөлімімен келісілді, оның ішінде; аудандық дәрігерлермен сапалы скринингтік тексерулерді жүргізу, аудандық орта білім ғимараттарының жарықтандыруының санитарлық талапқа сай қамтылуын қадағалау, көз дәрігерімен мектеп жасындағы балалар арасында салаутты өмір салтын сақтау үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп келеді.

Тіс жегі және қаназдық аурушандығы бойынша – жеке басының гигиенасын, дұрыс тамақтану ережелерін сақтау арқылы балалар мен жасөспірімдерге жеке басының денсаулығы бағытында ағаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

 

Қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алу скринингі

Жоспарланғаны Орындалғаны Көрсеткіш, % Анықталғаны Көрсеткіш,% Есепке алынғаны Көрсеткіш,%
     2476       2476      100       147       5,8     145     98,6

 

Қант диабеті ауруының алдын алу скринингі

Жоспарланғаны Орындалғаны Көрсеткіш, % Анықталғаны Көрсеткіш,% Есепке алынғаны Көрсеткіш,%
2476      2476    100      14       0,56       12    100

 

Глаукома ауруының алдын-алу скринингі

Жоспарланғаны Орындалғаны Көрсеткіш, % Анықталғаны Көрсеткіш,% Есепке алынғаны Көрсеткіш,%
     2530       2530       100       2      0,07         2     100

 

Сүт бездері ісігі ауруларының алдын алу скринингі

Жоспарланғаны Орындалғаны Көрсеткіш, % Анықталғаны Көрсеткіш,% Есепке алынғаны Көрсеткіш,%
     661     661       100     0 0 0 0

 

Жатыр мойын ісігі ауруының алдын алу скринингі

Жоспарланғаны Орындалғаны Көрсеткіш, % Анықталғаны Көрсеткіш,% Есепке алынғаны Көрсеткіш,%
    762     762     100       1     0,13       1 100

 

Колоректалды ісіктің алдын алу скринингі

Жоспарланғаны Орындалғаны Көрсеткіш, % Анықталғаны Көрсеткіш,% Есепке алынғаны Көрсеткіш,%
    1480     1480      100 0 0 0 0

 

Асқазан және өңеш ісігі ауруының алдын алу скринингі

Жоспарланғаны Орындалғаны Көрсеткіш, % Анықталғаны Көрсеткіш,% Есепке алынғаны Көрсеткіш,%
    1229     1229     100       1     0,08       1    100

 

Қуық асты безі ісігінің алдын алу скринингі

Жоспарланғаны Орындалғаны Көрсеткіш, % Анықталғаны Көрсеткіш,% Есепке алынғаны Көрсеткіш,%
352     352     100        4        1,13         1     25

 

Жедел жәрдем қызметі

Көрсеткіштер 2016 жылдың

12 айы бойынша

2017 жылдың

12 айы бойынша

1 Шақыртулар саны 15 194 15 320
2 Емхана жұмысы уақытындағы шақыртулар саны 4980 4685
3 15 минутқа дейінгі шақыртуға бару көрсеткіші 11 491 11 214

 

Аудан бойынша жедел жәрдем 2 фельдшерлік бригадамен қызмет көрсетіледі, Мақат кенті және Доссор кенті бойынша бір бригададан, аусымдық қызметте 1 диспетчер және 1 фельдшер қамтылған, автоматтандырылған диспетчерлік ақпараттық жүйе өз дәрежесінде қызмет етуде қабылданған шақыртулар автоматты түрде тіркеліп шұғыл медициналы көмек мерзімге сай көрсетіледі. 2017 жылы 2 санитарлық автокөлігі сатып алынды, 2018 жылға демеушілік қолдаумен заманауи медициналық техникалармен жабдықталған санитарлық реанимобиль автокөлігі алу жоспарлануда.

Санитариялық авиация арқылы шұғыл медициналық көмек көрсету

2016 жылдың 12 айында – 8, 2017 жылдың 12 айында – 7 шақырту болған, оның ішінде – 2016 жылы 8 балаға 2017 жылы 6 бала 1 әйелге шақыртылған.

Аудан орталығынан науқастарға санитарлық авиация арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге әуе кемес «АН-2» іске қосылуына байланысты ұшып-қонатын алаң дайындау қажеттігі туралы аудан әкімдігіне сұраныс хат жолданды.

Телемедицина – 0,5 штаттық бірлікпен дәрігер терапевт және медбике қаралған,

 

Жол картасы бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылдың 15 қаңтары №176 жарлығымен бекітілген 2016 – 2019 жылдарға арналаған “Денсаулық” мемлекеттік  бағдарламасымен бекітілген 5 назологиялық бағыттағы “ЖОЛ КАРТАСЫ” бойынша ауданның демографиялық жағдайына әсер ететін сырқаттарда медициналық көмек көрсету үлгісіне сәйкес іс шаралар атқарылды. Мақат ауданы аталған үлгі бойынша қызмет көрсетудің 1 – ші деңгейіне жатады.

Жол картасы бағдарламасының 5 назологиялық бағыттары

 

Жедел миокард инфарктісі – аудан бойынша 1,75 штаттық бірлікте кардиолог маманы қаралған, нақты жұмыс жасайтын 2 кардиолог және 1 дәрігер функционалист. Мамандар қосымша жүктеме қызметі ретінде атқарады, кардиостандарттарға сәйкес СМАД, ВелоЭргоМетр, телеметриялық ЭКГ және тропонин анықтайтын анализатор құрылғылармен жабдықталған.

2016 жылы 16  миокард инфарктісі  2017 жылдың  12 айында  12 миокард инфарктісі тіркелді, осы кезеңнің былтырғы жылмен салыстырғанда                           4 науқасқа азайып отыр. Тіркелген науқастардың барлығы облыстық кардиологиялық орталықтан арнайы көмек алынды яғни, 12 науқастың 5-не стент қойылып диспансерлік бақылау тағайындалған.

Жүрек қан тамырлары сырқаттарынан өлім көрсеткіші 2016 жылға              21 науқас 2017 жылы 20 науқас тіркелді оның ішінде, 1 өлім көрсеткіші жедел миокард инфарктісінен болған. 2017 жылы жалпы өлім көрсеткішінің 12,5 пайызын көрсетеді.

 

Инсульт – аудан бойынша 2 невропатолог қызмет атқарады. Неврологиялық керуеттер жасақталаған. 2017 жылдың 12 айында 35 (2016ж – 36) инсульт тіркелді, оның ішінде қайталап ауырғандар – 8 науқас, 26 науқасқа ем тағайындалып диспансерлік есепке алынды, бүгінгі таңда оңалту ем шараларын қабылдауда                жұмыс жасындағылар – 24,  1 науқасқа мүгедектік тағайындалды, 9 науқас қайтыс болған.

Науқастардың бірінші және қайта оңалту ем шаралары сауықтыру, оңалту орталығында жүргізіледі, 2017 жылдың 12 ай ішінде барлығы 78 неврологиялық ақаулары бар науқас сауықтырылды.

Доссор селолық ауруханасында 2017 жылы желтоқсан айында 10-керуеттік паллиативті көмекпен мейірбике күтімі бөлімшесі ашылды.

 

Қатерлі ісік – онколог маман 0,25 штаттық бірлікпен қаралған, қосымша жүктеме қызметі ретінде атқарады. Ерлер және әйелдер қарау бөлмелері жабдықталған.

Әйелдерді қарау бөлмесінен – 2016 жылы 2370,  2017 жылы 2636,

Ерлерді қарау бөлмесінен – 2016 жылы 30, 2017 жылы 1229 қаралған, тексеріс нәтижесінде анықталғаны 2016 жылы 168, 2017 жылы 325 науқас. Анықталған науқастар диспансерлік есепке алынып, сауықтырылды.

2017 жылдың 12 айында 29 онкологиялық сырқат тіркелді, оның ішінде – бірінші орында – жатыр мойынындағы қатерлі ісік (5 науқас), екінші орында – тыныс жолдары қатерлі ісігі (4 науқас). Скринингтік тексеріс арқылы анықталғаны 3 науқас.

Алғашқы тіркелген 29 науқастың 17 бірінші және екінші сатысында, 8 үшінші сатысында, 4 – еуі асқынған түрімен.

 

Жарақаттар мен уланулар – жарақат пен улану кезінде көмек көрсетуге қажетті медициналық құрылғылармен қамтылуы 100 пайыз. Аудан бойынша 3 хирург қызмет атқарады. Жарақат пен улану жағдайлары кезінде көмек көрсету үшін амбулаторлық хирургия орталығы ашылды. 2017 жылы травматолог маманы қайта даярлау біліктілігінен өтті.

 

Жүктілік ағымы мен босану жағдайлары – аудан бойынша 5 акушер –гинеколог дәрігер қызмет атқарады, соның ішінде екеуі бала күтімі бойынша демалыста. Жүктіліктің ағымын бақылау және босандыру аудан орталығынан және Доссор селолық ауруханасымен жүргізіледі. 18 керуетпен көрсетіледі. Босану жасындағы әйелдер саны 6348. Жүктілікке абсолютті қарама қарсы көрсетілімі бар 61 әйел есепке алынып, 33 әйел (54%) контрацепциямен қамтылған. Жүктілігі бойынша есепке алынған 393 әйелдің 286 (76,6%) 12 апталық жүктілікке дейін есепке алынғандар, жүктілікті үзу (аборт) 35 әйелге медициналық көрсетілім негізінде жасалды. Кәмелетке толмаған ұрпақты болу жасындағы жасөспірімдер саны 636, оның ішінде жүктілігі бойынша есепке алынғандар 13 (2016 жылы 17). Ана өлімі тіркелген жоқ.

 

Балалар арасында жалпы аурушаңдықтың салыстырмалы көрсеткіші

 

Жиілігі 2016 жыл Көрсеткіш 2017 жыл көрсеткіш
1  орында Тыныс алу жүйесінің сырқаттары 3761 (49%) Тыныс алу жүйесінің сырқаттары 3698 (26%)
2 орында Перинатальды сырқаттар 611 (8,0%) Ас қорыту органы сырқаттары 1001(11,6%)
3 орында Анемия 423 (5,1%) Жүйке жүйесінің сырқаттары 500 (5,8%)

 

Жасөспірімдер арасында жалпы аурушаңдықтың салыстырмалы көрсеткіші

Жиілігі 2016 жыл Көрсеткіш 2017 жыл Көрсеткіш
1 орында Тыныс алу жүйесінің сырқаттары 531(44,5%) Тыныс алу жүйесінің сырқаттары 247(24,3%)
2 орында Анемия 130(10,9%) Көз аурулары 150 (14,7%)
3 орында Көз аурулары 103(8,6%) Асқазан ішек аурулары 145(14,2%)

 

Жалпы  аурушаңдықтың салыстырмалы көрсеткіші

 

Жиілігі 2016 жыл Көрсеткіш 2017 жыл Көрсеткіш
1 орында Жүрек қан тамырлары жүйесінің сырқаттары  1219 Жүрек қан тамырлары жүйесінің сырқаттары 985
2 орында Зәр шығару жүйесінің сырқаттары 785 Тыныс алу жүйесінің сырқаттары 786
3 орында Тыныс алу жүйесінің сырқаттары 749 Зәр шығару жүйесінің сырқаттары 502

 

Ана мен бала денсаулығын оңалту бағдарламасы бойынша

Аналар мен 5 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық қызметкерлермен қызмет бабында үнемі бақыланып , қызметтің әдісі ретінде пайдаланады.

Аудан бойынша 42 кереует аналар денсаулығы үшін ұйымдастырылған.

Босанатын жастағы әйелдердің денсаулығын тексеру,  экстрагенитальды патологияларын уақытында анықтау, жүктілік кезінде болатын  аурулардың алдын алу және сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Аурулары бойынша “Д” есепте тұратын 2294 босанатын жастағы әйелдердің 1722-не емдеу-сауықтыру жұмыстары жүргізілді. Жүктілік, отбасын жоспарлау  кабинеті қызмет көрсетеді, 478 әйелге жүктіліктен сақтану әдістері қолданылды, жатыр және жатырдан тыс ағзалар ауруларынан емделу, жоспарлы профилактикалық тексерістің пайдасы туралы ақпараттар таратылып, кеңестер берілді

Ай сайын АПТК отырыстары 28 рет өткізіліп комиссия мүшелері мен 70 әйел қаралып, 42 әйелге сауықтыру шаралары мен жүктілікті жоспарлау бағытында кеңес берілді. 14 әйел қауіпті топқа жатқызылып қатаң бақылауға алынды.

Жүкті әйелдерде жиі кездесетін эклампсия, қан кету кезіндегі жедел көмекті ұйымдастыру шаралары бойынша медициналық қызметкерлер арасында тренингтер өткізілді, аптечкалар жасақталып барлық қабылдау кабинеттері жабдықталды.

 

Балаларға қызмет

Аудандағы  жалпы  балалар саны 9514, оның ішінде 1 жасқа дейінгілері 704. Учаскелік дәрігерлер мен гинеколог мамандар арқылы бірлесіп жасақталған жоспарға сай, 1 жасқа дейінгі сәбилер денсаулығын оңалту және өлім көрсеткіштерін болдырмау мақсатында қауіпті топтағы сәбилерге бақылау күшейтілген, есептегі 21 сәбиге үнемі талапқа сай тексерістер өткізіліп, қажетті облыстық мамандармен кеңестер алынған, 92 бала квотамен Астана, Алматы клиникаларында ем алған. Сәбилер шетінеуі 2017 жыл 12 аймен салыстырғанда 3 сәбиге азайды. шетінеген баланың өлу себебі туа біткен ақаудың ауыр дәрежесі. Балалар арасында инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін екпелердің маңызы зор, 2017 жылы екпенің орындалуы- 98%.

Өкінішке орай екпеден бас тартып отырған балалар да бар. Аудан бойынша 58 баланың ата анасы балаларына екпе салдырудан бас тартқаны тіркелді. Учаскелік дәрігерлер мен медбикелер халық арасында екпенің маңызы жөнінінде түсінік жұмыстарын жүргізу нәтижесінде екпеден бас тартқан 7 отбасының балаларына екпе жүргізілді. Бұл жұмыстарға жергілікті аудан әкімдігімен аудан мешітінің имамыда тартылып, насихат жұмыстары жүргізіліп отыр.

 

Туберкулезбен аурушаңдықтың салыстырмалы көрсеткіштері

Көрсеткіштер 2016 жыл 12 айы 2017 жыл 12 айы
1 Анықталған ауру саны          18               12
2 Аурушаңдылық көрсеткіші         59,6           39,6
3 Қайтыс болған аурулар саны             1              3
4 Көрсеткіш           3,3            9,9
5 Қайталап ауырғандардың үлес салмағы        24– 79,2%     32– 105,7%

 

Манту сынамасының көрсеткіші аудан бойынша жоспар 5273 орындалуы 5119, 97,0 пайызды құрайды.

Диаскин –тест сынамасымен 202 бала тексерілді, Диаскин –тест сынамасы қойылды, нәтижесінде 164-бала «теріс», 6 бала – «күдікті», 32-балада «оң» нәтижелері анықталды. Оның ішінде бұрын  химиопрофилактика алғандықтан және КДТ ТБ қатынаста  болғандықтан 5 бала  ғана ем алып  жатыр, ІІІ «Б» диспансерлік топқа қадағалауға алынды.

Бцж  екпесімен  қамтылуы

  Туылған балалар саны БЦЖ екпесін алған балалар саны % БЦЖ екпесін алмаған балалар саны БЦЖ екпесін алмау себептері
Ата – аналардың екпеден бастарту Медициналық қарсылықтар
Мақат ауданы 362 360 99,4 2 2
Доссор кенті 108 108 100
Макат кенті 235 233 99,1 2 2

БЦЖ – вакцинациясынан бас тартқан жанұялар есебі алынып, тексерістен өтіп, үгіт- насихат жұмыстары жүргізілді.

         Флюрографиялық тексерістен жоспарлы 14257 тұрғынның 15119 тұрғын туберкулезге тексеруден өткен (106,0%), оның ішінде жаңадан 12 туберкулез анықталды.

Аудан Әкімінің  2017 жылғы 10 тамыздағы №133 Қаулысына орай Мақат  кентінен 6 науқас  баспанамен  қамтылды.

 

 

Стационарлық көмек – аудан бойынша 75 керуеттен құралған оның ішінде; аудан орталығында – 55 керует, Доссор селолық ауруханасында – 20 керует, 10 – керует мейіргерлік күтімге бөлінеді.

Сонымен қатар, күндізгі бөлім бойынша аудан орталығында – 30 керует, Доссор селолық ауруханасында 20 керует қаралған.

2017 жылдың 12 айы бойынша 2358 науқас ем алып керует айналымы 31,44 көрсеткішті құрап отыр, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырмалы 6,5 пайызға азайып отыр.

 

Стационарлық көмек

Бейімдер Мақат аудандық орталық ауруханасы Доссор селолық ауруханасы Аудан бойынша жалпы керует саны
1 Терапия 7 1 8
2 Хирургия 9 1 10
3 Неврология 5 1 6
4 Неврологиялық оңалту 2 2
5 Гинекология 5 1 6
6 Жаңа туылған нәрестелерді күту 1 1 2
7 Перзентхана 5 1 6
8 Әйелдер патологиясы 5 2 7
9 Педиатрия 6 2 8
10 Жұқпалы аурулар бөлімшесі ересектер 2 0 2
11 Жұқпалы аурулар бөлімшесі балалар 8 0 8
12 Сестринский уход 10 10
Барлығы 55 20 75

 

Стационарлық қызмет

Көрсеткіштер 2016 жылдың

12 айы бойынша

2017 жылдың

12 айы бойынша

1 Емделген науқастар саны 2520 2358
2 Стационарлық өлім көрсеткіші 12-0,48 % 7 – 0,30%
3 Керует айналымы 33,60 31,44
4 Керует жұмысы 262,33 240,23

 

2016 жылдың желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аудан орталығынан арнайы сауықтыру – оңалту орталығы ашылып өз жұмысын одан әрі жетілдіруде, орталықтан бүгінгі таңда 226 адам ем қабылдады оның ішінде; 160 балаға емдік шаралар көрсетілді, көрсетілген қызметтер: логопед – 89, ЛФК – 1120,  массаж – 2080.

Доссор селолық ауруханасының жанынан 10 керуеттік паллиативтік көмек пен мейірбике күтімі бөлімшесі ашылды, керует күні 21 күннен 20 науқасқа күтім жасалды.

 

 

2017 жылы сатып алынған медициналық құрал жабдықтардың мәліметі

  1. Аппарат электрохирургический ЭХВЧ-350-03 Фотек (демеушілік)
  2. Аппарат искусственной вентиляции легких Bellavista 1000 с принадлежности(Германия) жергілікті бюджеттен 13 440 000 теңге.
  3. Фетальный монитор(кардиограф)матери и плода F9 (Китай) жергілікті бюджеттен 1 920 000 теңге.
  4. Аппарат расследования крови Epoc Reader считыватель тест карт,Epoc Host2 (Motorola MC55AO) и хранения информации блок питания для считывающего устройства epoc Reader,Термопринтер SEWOO LK-P21 (демеушілік)
  5. Портативное устройство регистрации отоакустической эмисси OtoRead в комплекте interacoustic s (демеушілік)
  6. Аппарат рентгеновский диагностический переносной 12L7 “ARMAN-2” (Казахстан) жергілікті бюджеттен 3 000 000 теңге.
  7. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржымен 2 санитарлық автокөлігі сатып алынды, жергілікті бюджеттен 10 080 000 теңге.

 

Алға қойылған басым бағыттар мен мақсаттар

  1. Профилактикалық – сауықтыру қызметін ұйымдастыру (Грязелечение) құрал – жабдықтарды сатып алу.
  2. Ем алушылар мен тұрғындардың амбулаторлық медициналық картасын электрондық нысанға ауыстыру.
  3. Амбулаториялы хирургиялық орталығын ашу (ЦАХ) ота жасайтын заманауи қажетті құрал жабдықтарды сатып алу.
  4. Кезексіз емхана – электронды денсаулық сақтау жүйесі принциптерімен жұмыс жасау.  Жаңа технологиялық дамуды қызметте кеңінен қолдану.
  5. Жалпы аудан тұрғындарының денсаулығы, отбасын жоспарлау(жасанды түсікті болдырмау, ана денсаулығы, т.б.), зиянды әдеттер (нашақорлық, алкоголизм,т.б.) және суицид індеті туралы сауатын қалыптастыру. Мектептер ашу және жұмысын жалғастыру .

 

2018 жылға стратегиялық жоспар

  1. Ескене станциясынан медициналық пункт ғимаратының құрылысын салу.
  2. Шұғыл көмек көрсету бойынша парамедиктерді оқыту
  3. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде мамандарды тарту, дәрігерлер үшін тұрғын үй құрылысы, мектеп бітірушілерге кәсіптік бағдар беру

 

Назарларыңызға рахмет !!!